RU

Макс Боқаев маңызды куәгерден жауап алуға кедергі жасады

№2 Атырау қалалық сотында биыл көктемде Атырауда «жер митингілерін» өткізген Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша басты сот отырысы одан әрі жалғасты деп жазады baq.kz.

Бүгінгі отырыста оқиғаға қатысы бар куәгерлердің бірі – Тоқтар Төлешовтің қызметкері Нұрғали Досанбаевтан жауап алыну тиіс болатын. Дегенмен, Боқаев сот процесін үзу үшін ауырып тұрмын деп шу шығарғандықтан судья отырысты түстен кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Сот отырысының басында айыпталушылар Боқаев пен Аяновтың қорғаушылары іс бойынша куәгерлер Атырау қалалық сотына келіп жауап берсін деген өтініш жасады. Бірақ, судья Дәулешова куәгерлердің дәлелді себептері болғандықтан және осыған байланысты олар ресми өтініш жазғандықтан қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Осыдан кейін қорғаушы тарап процеске толыққанды дайындалу үшін қосымша уақыт керек екендігін айтып қалды. Айыпталушы Боқаев бүкіл залға өзін нашар сезінетінін айтып, айқайға басты. Судья айыпталушының тағы да камераға ойнап, процесс жүргізуге кедергі келтіріп тұрғанын айтып, куәгерден жауап алғысы келіп еді, айыпталушы өтімде тас бар, ішім ауырып тұр деп қоймады.

Бұдан кейін судья 10 минутқа үзіліс жариялап, жедел-жәрдем қызметі шақырылды. Дәрігер тексерістен кейін айыпталушыға екпе жасап, екі-үш сағат тыныққаннан кейін сот процесіне әрі қарай қатыса алады деген қорытындыға келді. Маман саусақпен ішін басып қана айыпталушыдан асқынған холецистит, панкереатит, жүйке синдромы мен өтте тастың жиналуы ауруларын анықтады. Дәрігер аурулардың туындауына жүйке жүйесінің әсері мол дейді.

Атап өтсек, бүгінгі сот отырысында «Сыра королінің» иелігінде болған «Дархан Group» ЖШС-нің бас директорының іс басқармасының бастығы қызметін атқарған Досанбаевтың өзі жауап беруі керек. Ол Аяновқа 100 мың АҚШ долларын жеткізу жұмысын ұйымдастырған болатын.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың сәуір айында Аянов пен Боқаев жер заңнамасына қоғамның қызығушылығы артқан сәтін пайдаланып, «жер мәселесі» бойынша қарсылық акцияларын ұйымдастырған. Сондай-ақ, олардың Жер кодексіне енгізілген түзетулерді алып тастауға қарсылық білдіру үшін жұртты 21 мамырда қарсылық акциясына шығуға шақырғандығы анықталды.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару шалқып өмір сүруде (фото)

Баян Мақсатқызы өзін ұрып-соққан бұрынғы күйеуінің сотына келді

Қазақстандық бизнесмен итальяндық миллионерге ерекше биімен жауап берді (видео)

Алматыда ашушаң келіншек тоғыз жастағы қызын өлімші етіп сабаған

Қазақстандықтар мерекеде қанша күн демалады?

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287521-maks-boqaev-manhyzdy-kuagerden-zhauap.html