RU

БҚО-да дәрігер науқастарға бөлінген миллиондарды жымқырған

БҚО тұрғыны Айман Мұқашеваға 35 миллионға жуық қаражат ұрлағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты деп хабарлады ҚазАқпарат mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қазанда, Дарьиск кентіндегі №2 Зеленов аудандық сотында «Қарағайлы» облыстық туберкулез санаториясы» ММ бұрынғы бас дәрігері Мұқашеваға үкім шығарылды. Іс материалдарына сүйенсек, Айман Мұқашева бұл лауазымда 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 2015 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол көптеген қылмыстық әрекеттер жасап үлгерген.

Тексеру жұмыстары барысында белгілі болғанындай, сотталушы стационардағы жататын күндер санын заңсыз ұлғайтып, стационарлық науқастарға жалған медициналық карта жасаған. Науқастардың дәрі-дәрмектері мен тамақтануынан бас дәрігер өзіне 26 миллион теңге «үнемдеген».

Бұдан басқа, ол санаторий қызметкерлерінің жалақысынан да пайда көрген. Оларға қателесіп артық жіберіп қойыппын деп сендіріп, ақшаны қайтаруға мәжбүрлеген. Осылайша, ол мемлекетке сомасы 4,3 млн теңге шығын әкелді.

Сот деректеріне сүйнесек, бас дәрігер ақша жымқырумен қоса, лауазымдық өкілеттігін де теріс пайдаланған. Сонымен, төрт жылда оның үй қызметшісі болып медмекеменің санитарлық қызметкері жұмыс істеген. Ол тікелей жұмысына аптасына 2-3 күн ғана шыққан.

Алайда, оған аптасына бес күндік жалақы төленіп отырған. Осылайша, Мұқашева мемлекетке 4,3 млн теңге шығын келтірді. Бұдан басқа, бас дәрігер күзетші ретінде өзінің зайыбын жұмысқа алған, ол мүлдем жұмысқа шықпаса да, жалақысы жүріп тұрған.

Мұқашеваның мекеме қызметкерлерінен пара талап еткен кездері де болған. Сөйтіп, ол екі қызметкерге 15 мың теңгеден берсе, жұмысқа ішімдік ішіп келгендері үшін жұмыстан шығармауға уәде берген. Қызметкерлер ақшаны бас дәрігерге берген.

Соңғы факті су соратын насос сатып алу үшін санаторий қызметкерлерінен ақша жинаған. Насосты сатып алмаған, алайда, 110 мың теңгені тергеу нұсқасы бойынша, Мұқашева өзі иеленген.

Судья Александар Сидорованың төрағалық етуімен өткен сот Айман Мұқашеваны айыпты деп таныды. Жиынтығында оған мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік ұйымдарда өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сондай-ақ сот шешімімен Мұқашева мемлекет пайдасына ұрланған 34, 8 млн теңге қаражатты қайтаруы қажет.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару шалқып өмір сүруде (фото)

Баян Мақсатқызы өзін ұрып-соққан бұрынғы күйеуінің сотына келді

Қазақстандық бизнесмен итальяндық миллионерге ерекше биімен жауап берді (видео)

Алматыда ашушаң келіншек тоғыз жастағы қызын өлімші етіп сабаған

Қазақстандықтар мерекеде қанша күн демалады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287541-bqo-da-nauqastargha-bolingen-million.html