RU

Алматыда облысында бойжеткен өзін зорлаған екі жігіттің біріне тұрмысқа шықты

Алматы облысының тұрғыны өзін зорлады деп шағымданған азаматтардың біріне тұрмысқа шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны 16 шілде күні екі жігіт зорлап кеткенін айтып, полицияға шағым түсірді. Тергеу барысында күдіктілер анықталған. Олар Ұзынағаш тұрғындары болып шықты.

Зардап шегуші шағымданғаннан кейін келесі күні-ақ қылмыстық істі тоқтатуды өтінген. Белгілі болғандай, ол күдіктілердің біріне тұрмысқа шығатын болыпты. Тамыз айының соңында тараптар бітімге келгесін, қылмыстық іс тоқтатылды.

Екінші күдікті 18 шілде күні өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама жігіттің мәйітінен зорлық белгілерін таппады.

Тағы оқыңыздар:

Шетелдік бай азаматпен көңіл қосқан астаналық ару шалқып өмір сүруде (фото)

Баян Мақсатқызы өзін ұрып-соққан бұрынғы күйеуінің сотына келді

Қазақстандық бизнесмен итальяндық миллионерге ерекше биімен жауап берді (видео)

Алматыда ашушаң келіншек тоғыз жастағы қызын өлімші етіп сабаған

Қазақстандықтар мерекеде қанша күн демалады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287587-almatyda-oblysynda-eki-zhigitten-zorl.html