RU

Белгілі қазақстандық актриса 101 жасқа қараған шағында өмірден озды

101 жасына қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері Хабиба Қарақбайқызы Елебекова дүниеден озды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хабиба Елебековамен қоштасу 20 қазан күні сағат 10-да аталған театрда өтеді.

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова – 1916 жылы 16 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген.

1934 – 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген.

1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса.

1935 – 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі – Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» спектаклінде Қарагөз рөлі.

Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — Мұхтар Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Күнікей, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуындағы» Мақпал, Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Бейімбет Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қасам Аманжоловтың «Досымның үйленуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш.

Сондай-ақ, Елебекова – белгілі әнші, өз жұбайы Жүсіпбек Елебеков туралы «Үні кетпес құлақтан» (1981), «Ән-Аманат» (1989), «Қайран Жүсекем» (1998) кітаптарының авторы.

Тағы оқыңыздар:

Кәріс қызы: Қазақтың үйлену тойына ешбір елдің мерекесі жетпейді

Тірі адамнан айнымайтын «жасанды қыз» әлем назарына ілікті (фото, видео)

Бейонсенің жанкүйерлері әншіге қолдау көрсету үшін құлақтарын кесе бастады (видео)

БҚО-да дәрігер науқастарға бөлінген миллиондарды жымқырған

Астанадағы жануарлар бағында маймыл баланың саусағын тістеп алды

Қарағандылық оқушылар атышулы Ninety one тобының билеттерін сатып алуға ағылуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287707-belgili-qazaqstandyq-aktrisa-100-zhasynd.html