RU

Ақтөбедегі терактіге қатысқан жігіттің анасы ұлының несиесін төлей алмай отыр (фото)

18 қазан күні Ақтөбедегі теракт оқиғасына қатысушылардың сот отырысы басталды. Қауіпсіздік сот ғимаратының сыртынан бастап күшейтілген деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Ғимаратты қоршап тұрған қарулы жасақ сот қызметкерлерінің өзін ішке тексеріп кіргізді. Сот залына кіре алмаған сотталушылардың анасы отбасындағы жағдайдың қиындап кеткенін айтып жылады.

«Халықтан басымды иіп кешірім сұраймын. Жаспен білместігі болған шығар. Үкімет балаларымыздың әрі қарай дұрыс жолға түсуіне көмектессе екен. Баламның маған айтқаны: «Бізді ол жерге шілдеханаға шақырды. Барған кезде жағдайды біліп кетіп қалдым» деді. Ол қолына қару ұстаған жоқ. Атыс болып жатқан кезде ол үйде отырды. Өзі де қорқып кетті. Мен баламның теріс жолда жүр дегеніне сене алмаймын. Қолымыздан келгенше оқыттық, жұмысын істеді. Баламның мойнында несиесі бар. Оған айына 60 мың төлеу керек. Екі айдан бері төленбей тұр. Оны кім төлейді? Қалай төлейді? Мен үкіметте жұмыс істемеймін. Алатыным - 30 теңге, ол неге жетеді? Жолдасым жеке мекемеде жұмыста. Бір күн барады, екі күн жоқ. Үйде кіріс жоқ», - дейді сотталушы Жансерік Таңатаровтың шешесі Мәдина Базаралина.

Анасы Жансерік Таңатаров үш баланың әкесі екенін айтты.

«Жансерік бала кезінен намаз оқиды. Оның әйелі де намаз оқиды. Қазір үйде үшінші баласын босанып отыр. Үлкен баласы 5 жаста. Оны да дайындық курсына бергенде қиналып қалдық. Әкесі жаңа туған баласын әлі көрген жоқ. Екінші балам да намаз оқиды. Балаларым артық қылық жасап, бетіме келіп көрген жоқ», - дейді Мәдина Базаралина.

Анасы баласының бұрын құрылыста жұмыс істеп, кейін базар жанында телефон сатып, күнделікті табыс табуға шыққанын айтады.

«Жұмысқа оларды ешкім алған жоқ. Қайда барса да «Сен намаз оқисың» деп шығарып салады. Сосын жастар қалай күн көреді? Кішкентай үйде үш отбасы болып тұрып жатырмыз. Соны үкімет келіп қарау керек емес пе? Табыстарың бар деп, балалардың жәрдемақысын да бермей тұр. Үйде кіріс жоқ. Балалардың бәрін бірдей соттағанда, олардың отбасы қалай күн көреді? Олардың бала-шағасын кім бағады?», - дейді жылаған анасы.

Сотталушылар таңғы сағат 7-де ауыр қылмыстар қаралатын сотқа екі автобуспен жеткізілді. Сот залындағы айыпталушының орнында 29 адам отыр. Оның 9-ы қылмыс жасағандар, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаған және екеуі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталады.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты теракт жасағандардың барлық жағдайын жасаған. Сотта олардың істері таңертеңнен кешке дейін қаралады. Түскі үзіліс кезінде сотталушылардың жуынатын, тамақтанатын орнына дейін қамтамасыз етілген. Сот ғимаратына 20 камера орнатылған. Сот залынан ақпарат тарату журналистерге қиындық туғызды. Дыбысы әлсіз естілетін залға қамалған журналистерді айыптау оқығаннан кейін сотты әрі қарай жабық қаралатынын айтып шығарып жіберді.

201 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша сотталушылардың мүддесін 27 қорғаушы қорғайды. Сот залында 48 куәгер түсініктеме береді. 5 маусым күнгі теракт оқиғасынан 88 адамның жәбір көргендігі хабарланды. Шабуыл кезінде 7 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Кәріс қызы: Қазақтың үйлену тойына ешбір елдің мерекесі жетпейді

Тірі адамнан айнымайтын «жасанды қыз» әлем назарына ілікті (фото, видео)

Бейонсенің жанкүйерлері әншіге қолдау көрсету үшін құлақтарын кесе бастады (видео)

БҚО-да дәрігер науқастарға бөлінген миллиондарды жымқырған

Астанадағы жануарлар бағында маймыл баланың саусағын тістеп алды

Қарағандылық оқушылар атышулы Ninety one тобының билеттерін сатып алуға ағылуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287807-aqtobedegi-teraktige-qatysqan-zhigit.html