RU

Атырауда адам өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Өтеуовтің бұрынғы басшылары ұсталды

Атырау криминалдық полиция бөлімінің бастығы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтенов қазір тергеу қапасында отыр. Оларға Өтеуовтің атышулы хатындағы деректер негізінде «топ құрып, пайда табу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимді өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуов тергеу қапасында отырғанда қылмыс жасауға бастықтары – Бейбіт Шалтенов және Нұрболат Қабдешев мәжбүрледі деп хат жазған еді. Сондай-ақ осы екеуінің жетекшілігімен 100-ден астам қылмыстық істі қолдан жасатқызып, жазықсыздарды түрмеге тоғытып отырғаны да айтылған.

Ал босату үшін 500 мың мен 7 млн теңге арасында қаражат талап еткен. Тіпті бас-басына коттедж тұрғызу үшін Атыраудың құрылыс базарындағы саудагерлерді бопсалап, жезөкшелерден де салық жинапты. Осы сұмдықтарды тізбектеген Өтеуовтың 8 беттік хатын Бас прокуратураның тергеу тобы сәуір айынан бері тексеріп, бүгін криминалдық полиция бастығы Қабдешев пен жедел уәкіл Шалтеновты қамауға алды.

Тағы оқыңыздар:

Кәріс қызы: Қазақтың үйлену тойына ешбір елдің мерекесі жетпейді

Тірі адамнан айнымайтын «жасанды қыз» әлем назарына ілікті (фото, видео)

Бейонсенің жанкүйерлері әншіге қолдау көрсету үшін құлақтарын кесе бастады (видео)

БҚО-да дәрігер науқастарға бөлінген миллиондарды жымқырған

Астанадағы жануарлар бағында маймыл баланың саусағын тістеп алды

Қарағандылық оқушылар атышулы Ninety one тобының билеттерін сатып алуға ағылуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287838-atyrauda-adam-oltirip-22-zhylgha-sottalgha.html