RU

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Ақтөбедегі №29 мектепте болған оғаш жағдайды мектеп мұғалімі жайып салды. Ер адамның жыныстық мүшесін салған оқушының әрекетінен шошынған ұстаз ата-анасына ескерту айтқан деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«№29 мектепте 7 сыныпта тентектеу оқушы болды. Ол қағазға ер адамның жыныстық мүшесінің суретін салып «мынау менікі» деп қыздарға көрсеткен. Сыныптағы үздік оқитын қыздың суретін қасына салып, сызба арқылы мен оған апарып жатырмын деп ол қызды жылатып қойды», - дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Венера Давлеталина.

Суретті көрген ата-ана «өзің салған шығарсың» деп баласына емес, мұғалімге ашуланған.

«7 сынып оқушысының анасы баласы салған жаман суретті «Сен салғансың» деп тиіскені бар. Ол оқушыға бірнеше рет ескерту жасадым. Қоймаған соң ата-анасына айтуыма тура келді. Ата-анасы: «Мұны менің баламның салуы мүмкін емес. Суретті өзің салып отырсың, бізге бәле жауып отырсың дегені бар», - дейді мұғалім.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Кәріс қызы: Қазақтың үйлену тойына ешбір елдің мерекесі жетпейді

Тірі адамнан айнымайтын «жасанды қыз» әлем назарына ілікті (фото, видео)

Бейонсенің жанкүйерлері әншіге қолдау көрсету үшін құлақтарын кесе бастады (видео)

БҚО-да дәрігер науқастарға бөлінген миллиондарды жымқырған

Астанадағы жануарлар бағында маймыл баланың саусағын тістеп алды

Қарағандылық оқушылар атышулы Ninety one тобының билеттерін сатып алуға ағылуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287947-aqtobede-oqushy-zhynys-mushesininh-suret.html