RU

Сауд Арабиясында ханзада өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясының билігі сейсенбі күні үш жыл бұрын Эр-Риядта өз досын атып өлтірді деген айып тағылған патша әулетінің мүшесі, ханзада Турки бен Сауда Аль Кебирге кесілген өлім жазасын орындады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Аль-Арабия» спутниктік телеарнасы әмірліктің ІІМ мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, ханзада Эр-Риядта болған топтық сауық жиынында өз досы Адиль аль-Мхемидті атып өлтірген, сондай-ақ тағы бір адамды жаралаған. Бұл қылмыс елде үлкен резонанс тудырды деп жазады РИА Новости.

Өлім жазасын Сауд Арабиясының Жоғарғы және Апелляциялық соты бекітті.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Ақтөбедегі терактіге қатысқан жігіттің анасы ұлының несиесін төлей алмай отыр (фото)

Еліміздің төрт облысында -9 градусқа дейін күн суытады

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге ресми түрде тыйым салынатын болды

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1287967-saud-arabiyasynda-khanzadagha-kesilgen.html