RU

Еркеш Шакеев желіде қайтыс болған ұлы туралы фильмді жариялады (видео)

Танымал композитор Еркеш Шакеев өзінің қайтыс болған ұлы Сафарға арналған «Аспанда жолығармыз...» атты фильмін аяқтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұны (фильмді - ред.) Сафардың достарымен, өз отбасыммен, жақындарын жақсы көретін барша жандармен және өмірден өткендерді еске алатын адамдармен бөлісемін. Өмірде ешқашан жаны жайсаң жандар жайлы, соның ішінде тұла бойы тұңғышым, сүйікті ұлым жайлы айтудан, ойлаудан жалықпаймын...», - деп жазды Еркеш Шакеев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, автор постында Геннадий Головкин мен Келл Бруктың кездесуіне барғанын айтады. Оған шақыртуды берген және баруға көндірген Эдуард Кимге алғысын білдіре келе автор Гена, Серік Елеуов және Бахтияр Артаевтар ұлымен зор ықыласпен танысқан сәті түсірілген видеоны тауып алғанын, оны фильмге қосқанын айтады. Сөз арасында Головкинге шексіз алғысын жеткізеді.

Еске сала кетейік, Сафар Шакеевтің жоғалып кеткені туралы шағым 16 шілде күні полицияға келіп түсті. Оны 110 полицей, 60 ерікті және бірнеше сүңгуір іздеген еді. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та жұмылдыралған болатын.

Алайда Сафар Шакеевтің денесі 28 шілде күні Есентай өзенінен табылды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Ақтөбедегі терактіге қатысқан жігіттің анасы ұлының несиесін төлей алмай отыр (фото)

Еліміздің төрт облысында -9 градусқа дейін күн суытады

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге ресми түрде тыйым салынатын болды

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288029-erkesh-shakeev-zhelide-qaytys-bolghan-uly.html