RU

Қазақ жігіті желіге жартылай жалаңаш фотосын салып жұртты шулатты (фото 18+)

Шыңғыс Қасымов есімді жігіт желі парақшасына жартылай жалаңаш фотосын жариялап, секс туралы ашық пікірін білдірді. Оның бұл әрекеті желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырған.

Жігіт фотоны Facebook парақшасында жария еткен.

"Ұят емес пе? Жоқ, ұят емес. Уақыт зымырап барады. Әдептің ескірген шалбары қысатыны соншалық, оны киген адам күлкілі көрінеді", - деп жазған Шыңғыс парақшасында.

Оның ойынша, жастарды "ұят" деген сөздің шеңберіне сыйдыру және дәстүрді сақтауға тырысу ақылға қонымсыз, себебі халықтың жартысы, тіпті мемлекеттік тілді білмейді.

"Секс пен оның қарсыластары арасындағы бәйге Фрейд заманынан-ақ бастау алады... Әрине сенің жақындарың секспен айналыспаса, өмір тынышырақ. Жақындарыңды, аға буынды, мұғалімдерді ондай іспен айналысып жатқанын елестетудің өзі қиын. Олар мұны қалайша ойлауы мүмкін! Ал айналып келгенде сен сол секстің өнімі екеніңді ойлау қандай жағымсыз", - деп жалғастырды ол,

Жігіттің ойынша, секс - табиғаттың ең керемет сыйы.

"Маған ештеңе айтпай-ақ қойыңыздар. Секс бәрінің негізін қалайды... Секс - бұл өмірдегі ең басты ләззат. Тіпті жануарлар ләззат алу үшін секспен айналысатын болса, не дейміз? Мен ешкімді бас-көзсіз секспен айналысуға үгіттемеймін. Алайда қызың жақсы жігітпен қарым-қатынас орнатса, неге болмасқа? Ал жалаңаштану - бұл жай ғана шынайылық", - деп пікірін білдірді Шыңғыс.

Еске салсақ, бұған дейін жартылай жалаңаш фотосымен секс туралы пікір білдірген блогер Әсел Баяндарова жұртты шулатқан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Ақтөбедегі терактіге қатысқан жігіттің анасы ұлының несиесін төлей алмай отыр (фото)

Еліміздің төрт облысында -9 градусқа дейін күн суытады

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге ресми түрде тыйым салынатын болды

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288084-asel-bayandarovagha-erler-arasynda-bas.html