RU

Шымкенттік шенділер бензин бағасын күрт қымбаттатып жіберді

Шымкенттегі бензин бағасының бірден 6-7 теңгеге қымбаттауы Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты деп хабарлайды Астана арнасы.

Оңтүстіктегі Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров осылай деп отыр.

Қазір аймақта бензин бағасы бағынбай барады. Шаһарда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин кейбір бекеттерде 137 теңгеге дейін жетті. Әсіресе, қала сыртындағылар бағаны 6-7 теңгеге қымбаттатқан. Дегенмен, аталған жанармайды 129 -130 теңгеден саудалап жатқан май құю бекеттері де бар.

Бағадағы бұл айырмашылықты сарапшы әр оператордың қор көлемімен байланыстырады. Жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың ақпарынша, аймақты АИ-92 маркалы бензинмен қамту үшін 25-30 мың тонна өнім қажет. Бүгін соның 10 мың тоннадан астамы жеткіліксіз болып тұрғанын айтты. Сондай-ақ, бағаның көтерілуіне тағы бір себеп - өнімнің Павлодар мен Ресейден жеткізілуі.

"ГазПромнефть" деген компания Ресейден осы уақытқа дейін алып келген. Ол жақта да әрқашан баға бізге қарағанда, мысалы, Аи-92 маркалы орта есеппен алғанда бізге теңгеге шаққанда 180 теңге орта есеппен, сондай теңгемен келеді. Павлодарда да жолға байланысты. Жолға орта есеппен 40-50 доллар кетеді ол. Оның үстіне кеше тағы да акциз қосылыпты", - дейді  ОҚО «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы  Қайыпбек Қамбаров.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Ақтөбедегі терактіге қатысқан жігіттің анасы ұлының несиесін төлей алмай отыр (фото)

Еліміздің төрт облысында -9 градусқа дейін күн суытады

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге ресми түрде тыйым салынатын болды

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288196-shymkenttik-shendiler-benzin-baghasyn-k.html