RU

Таланттар тартысы: "Бала дауысы" байқауының финалистері анықталды

Алматыда республикалық "Бала дауысы" фестиваліне қатысушылардың "Жұлдызды үйі" ашылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бала дауысы" әлеуметтік жобасы еліміздегі 14 облыс пен 2 қаланы қамтыды. Бірнеше топқа бөлінген қазақ эстрадасының жұлдыздары ел аймақтарындағы талантты балаларды іздеп тауып, үздік деп танылғандары финалдық бәсекеге жолдама алды.

Елімізде теңдесі жоқ байқау идеясының авторы Әлия Назарбаева "Жұлдызды үйдің" ашылуына арнайы келіп, байқауға қатысушыларды шын жүректен құттықтады.

"Біз барлық қатысушыларды әділетті түрде таңдап алдық. Шын мықтыны анықтайтын кез де жақындады. Алдарыңызда үлкен белестер тұр. Барлықтарыңыз болашақта өнер әлемінің жұлдызы боласыздар деп үміттенемін", - деді Әлия Назарбаева.

"Бала дауысы" республикалық ән байқауының финалына 23 бала жолдама алды. Оның ішінде 12 жеке орындаушы, 3 трио және 1 дуэт бар. Ақтық сынға жолдама алған бала орындаушылар өздерінің тәлімгерлерімен де ән шырқайтын болады.

Балалармен бірге финалға дайындалып, өз шәкірттерін жеңіске жетелейтіндер арасында Медеу Арынбаев, Толқын Забирова, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Мақпал Исабекова, Әли Оқапов, Айқын Төлепберген, Диана Шарапова, "Кешью", "Алау" топтары бар.

"Бала дауысы" байқауының финалдық сыны 12-13 қараша күні Республика сарайында өтеді. Ал оған дейін қатысушылар "Жұлдызды үйде" тұрып, көрермендерді қуанту үшін дайындалады.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Қазақ хоккейіндегі ең сымбатты жігіт туралы не білеміз? (фото)

Алматылық бойжеткен айына млн теңге төлеп, қымбат көлік мінгізетін жігітке сатылатынын айтты

ШҚО-да маскүнемдер миллондаған бюджет қаржысын ұрлауға көмектескен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288292-talanttar-tartysy-bala-dauysy-bayqau.html