RU

Есіктегі қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер сот алдына келді

Алматы облысы Есік қаласының тұрғынын зорлады деген күдікпен төрт жігіт сотта жауапқа тартылуда. Отырыс Еңбекшіқазақ аудандық сотында өтіп жатыр. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Судья Ерлан Баймулдинов сотты жабық түрде өткізуде. Төрт күдіктінің екеуі - ағайындылар. Ербол Ермековке (1984 жылғы), Алмас Ермековке (1987 жылғы), Елтай Нұрболға (1994 жылғы), Асхат Бектұрсынға (1994 жылғы) зорлау (120 бап), сексуалды зорлау әрекеттері (121 бап), адам ұрлау (125 бап) және бұзақылық (293 бап) баптары бойынша айып тағылды.

Істі қарау кейінге шегерілгені белгілі болды.

Today.kz сайтына зардап шегуші бойжеткен Жібек Мусинованың адвокаты Айман Умарова істі оның өтінішімен кейінге қалдырғанын айтты.

"Айыптау актілері берілді. Айыпталушылардың екеуі - орыстілді, екеуі - қазақтілді. Алайда актілер оларға шатастырылып берілген. Мен бұны дұрыс емес деп санап, прокуратурадан әркімге өз тіліне сай акті беруді талап еттім", - дейді ол.

Адвокат айыпталушы тарап пен зардап шегуші тараптың сотта жақын отырғандарына да ренішін білдірді. Умарованың ойынша, бұл зардап шегушіге психологиялық тұрғыдан ауыр тиюде. Ал полицей бұл істе тек куәгер ретінде қаралып жатыр екен.

Еске салсақ, 14 тамыз күні төрт жігіт бойжеткенді ұрлап әкетіп, зорлап тастағаны бұған дейін хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Қазақ жігіті желіге жартылай жалаңаш фотосын салып жұртты шулатты (фото 18+)

Алматылық бойжеткен айына млн теңге төлеп, қымбат көлік мінгізетін жігітке сатылатынын айтты

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288372-esiktegi-qyzdy-zorlau-boyynsha-kudikt.html