Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасын тастап кеткен жұлдыздар

Опубликовано:

Өмірде тағдыр қоспаған жандар өте көп. Психологтардың айтуынша, бір суынған көңілді қайта жылыту мүмкін емес. Ондайда арадағы бала да, ата-ана мен айналадағы адамдардың сөзінің бәрі бекер. NUR.KZ порталы назарларыңызға отбасын тастап кеткен жұлдыздарды ұсынады.

Мұрат Қожа

"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Мұрат бұдан аз уақыт бұрын ессіз ғашық екенін желідегі парақшасына жазып, екінші рет отбасын құрды. Бірақ, кей желі қолданушылары оның бұл әрекетін құптай қойған жоқ, олар Мұратты жаппай сынның астына алып, "үш баласын тастап кеттің" деп дүрсе қоя берді. Мұрат Қожаға бұл жайт өз әсерін тигізді. Ол отандық бағдарламалардың бірінде үш баласын тастап кеткені үшін сөккендерге жауап беріп, өзінің өміріне ешкімнің араласпағанын қалайтынын айтты.

Нұрлан Әлімжан

Нұрлан Әлімжан 2006 жылы Жансая есімді қызбен кездейсоқ танысып, оған бір көргеннен ғашық болғанын "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында айтып берген. Ол кез келген жерде өзінің жары туралы жақсы лебіздерін аямайтын.

"Үш балам бар, екі ұлым, бір қызым. Үлкен ұлым қазақ дәстүрі бойынша апасы мен атасының баласы. Ата-анамызбен бірге тұрамыз. жарым Жансаяның мамандағы актриса, дегенмен ол үйде балалармен айналысады. Маған осындай сұлу әрі ақылды әйел бұйырғанына бақыттымын. Өздеріңіз білесіз ғой,қазіргі кезде жанкүйер қыздар өте көп, тіпті түн ішінде де қоңырау шалып жатады. Ал Жансая болса, сабыр сақтап, күндіз хабарласуын сұрайды. Себебі балалар ұйықтап жатыр деп жауап береді. Тіпті, "мен де оны сүйем, сондықтан дос болайық" деп олармен достасып та алады", - деген еді ол бір сұхбатында.

Бүгінде актер отбасымен бірге тұрмайды.

Жолбарыс Сейфуллин

Жолбарыс Сейфуллиннің бірінші әйелінен қызы мен ұлы бар. Ол өзінің ұлы Бейбарысты өнерге баулып, гитарада ойнауды үйретті. Жуырда ол желідегі парақшасына екінші жары - Екатерина Лилуямен бірге түскен суретін салып, желі қолданушыларының назарына ілікті. Бірі оның екінші жары хас сұлу десе, екіншілері оның отбасын тастап кеткеніне қынжылды. Бүгінде ол Екатеринадан екі қыз сүйіп отыр.

Сәбит Әбдіқалық

"Сәбит-Алтынай-Айгүл" оқиғасын елдің бәрі біледі. Ол бірінші отбасымен ажырасып, екінші жар етіп Алтынайды алған-ды. Бірақ, жақында желі қолданушылары Алтынай мен Сәбит те жұп болып жараса алмады деген сөз шығарды. Бірақ, Сәбит бұл сөздің рас-өтірігін айтпай қойды. Ол елден өзінің өміріне араласпауды сұрады.

Асхат Тарғын

Асхат Тарғын бірінші отбасынан ажырасқан соң, шаңырақ көтермеді. Айтуынша, әйелімен ажырасуына қызғаныш себеп болған. Жуырда әнші сұхбат беріп, онда сөйлесіп жүрген қызын алып қашып кеткенін айтқан. Асхат Тарғын бірінші әйелімен араласпаса да, 11 жастағы қызына көңіл бөліп, сөйлесіп тұрады.

Асхат Садырбай

Ерке Есмахан мен Асхат Садырбайдың ажырасқаны ел аузында біраз уақытқа дейін жүрді. Асхат Садырбай өзінің әйелі және ұлы Мүсліммен отбасылық қарым-қатынасын үзді. Арада аз ғана уақыт салып, ол екінші рет отбасын құрды. Ерке Есмахан Асхаттың әйелге қол көтеруге баратынын айтып, Асхатқа отбасылық бақыт тілесе, Асхаттың анасы Асхат ешқашан әйелге қол көтермейді дегенді ашық айтты. Рас-өтірігін Асхаттың өзі мен Ерке ғана білері хақ.

Әлішер Нұржанов

Айдана Меденова 2015 жылы продюсер Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Бүгінде жас жұбайлар ата-ана атанды. Дегенмен, отандық телеарналардың біріне сұхбат берген Айдана Алишердің бірінші отбасы бар екенін және оның балаларына оң көзбен қарайтынын жасырмай айтқан.

Мұхтар Отәлі

90-жылдардың басында дүйім жұртты шулатқан "Бублики" тобының әншісі Мұхтар Отәлінің бүгінде басқа отбасы бар. Бірақ, актриса Линда Нигматуллина оның алғашқы жары екенін біреу білсе, біреу білмес. Олар отбасын құрған кезде Линда -17, ал Мұхтар - 29 жаста еді. Линданың айтуынша, шаңырағының берік болмауына оның аса қызғаншақтығы себеп болған. 2000 жылы үйленген жас жұбайлар 2002 жылы ажырасып тынады. Олардың Альрами есімді ортақ ұлдары бар.

Нұрлан Албан

Нұрлан Албан мен Назира Бердалы шаңырақ көтергенде дүйім жұрт оларға сүйсінген. Бірақ, аз ғана уақыт бірге тұра алған олар мінез үйлеспегендіктен ажырастық деп, екі жаққа кетті. Бүгінде Назира да, Нұрлан да екінші рет отбасылы болып отыр. Ал 2015 жылы Назира Бердалы қызды болды.

Ділшат Ахмадиев

Мұрат Ахмадиевтің өнердегі қос балалары Ділназ бен Ділшаттың өмірі халық назарынан тыс қалмайды. Мәселен, биыл күзде Ділшаттың екінші рет шаңырақ көтергенін, ол қанша жасырғысы келгенімен халық біліп қойды. Ділшаттың бірінші отбасы болғанын, оның алғашқы жарының есімі Диана, ал ұлының есімі - Раббани екенін біреу білсе, біреу білмес. Бірақ, Дианамен Ділшат неліктен бірге тұра алмағаны көптің жадында сұрақ болып қалады. Себебі, Ділшат жеке өмірін талқыға салудан қашады.

Еркін Нұржанов

"Аягөз" деп ән арнаған аруға 2011 жылы үйленген Еркін Нұржановтың онымен дәм-тұзы жараспады. Бірнеше жыл отасқан отбасы ақыры ажырасып тынды. Есесіне, оған деген естелік болып, әні қалды. Бірақ, әншінің өзі 2014 жылы екінші мәрте отбасын құрды. Бүгінде жас отбасының кішкентай сәбиі бар.

Ерлан Орынбасаров

Бұдан бір жылдай уақыт бұрын Ерлан Орынбасаров әке атанды. Оның жұбайы танымал әнші Баян Нұрмышева ана атанып, өмірге атұстар ұл бала келді. Дегенмен, Ерлан Орынбасаров Баянға дейін отбасы болғанын жасырған емес. Бірінші отбасымен тұра алмаған Баян Нұрмышеваның жары, есесіне жаңа отбасымен аса бақытты ғұмыр кешуде. Олар ұлының әр басқан қадамын желіге салып, оқырмандармен қуанышын бөлісіп отырады.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Еліміздегі 15 министр қандай істерімен есте қалды?

Есіктегі қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер сот алдына келді

Еліміздің төрт облысында күн күрт суытады

Таланттар тартысы: "Бала дауысы" байқауының финалистері анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1288613-otbasyn-tastap-ketken-zhuldyzdar/

pixel