RU

Тәжікстанда 82 жастағы кейуана өзіне қарайласпаған ұлын сотқа берді

Тәжікстанның Хатлон облысында тұратын 82 жастағы кейуана сот арқылы үлкен ұлынан алимент төлеуін талап етті деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Сот оның арызын қанағаттандырып, ұлына ай сайын 70 сомони (шамамен 10 АҚШ доллары) төлеп тұруға шешім шығарды. Тәжікстанның әкімшілік заңы еңбекке жарамды балаларға зейнеттегі ата-аналарын қамқорлығына алуға міндеттейді.

Соңғы бес жылдан бері отырып-тұруым қиындады деген Сангин Мирзоева үміт артқан үлкен ұлының материалдық тұрғыдан көмектеспейтінін айтады. Сол себептен аудандық сотқа шағымданып, ай сайын ұлынан 300 сомони (шамамен 43 АҚШ доллары) алимент талап еткен.

«Мен мүгедекпін, ұлым маған көмектеспейді. Сотқа әрең бардым, олар 70 сомони төлеуге шешім шығарды. Бірақ бұл өте аз. Ұлым да, оның үлкен ұлдары да жұмыс істейді. Мен оны өсірдім, үйлендірдім, маған жасаған жауабы осындай», - деп күрсінеді кейуана.

Сангин Мирзоева жастайынан жесір қалған. Жалғыз өзі алты баланы өсірген. Екі ұлы азаматтық соғыс кезінде қайтыс болған. Қазір әйел кіші ұлымен тұрып жатыр. Екі қызы да ажырасып үйіне келген.

Сот ісін жүргізген судья Саидмахмуд Гулзода ұлдарынан алимент талап еткен екінші жағдайды қарағанын айтады. Оның сөздерінше, сотқа балаларынан қамқорлық көрмеген әкелер, аналар арызданады. Олардың да шағымдары қанағаттандырылған.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Еліміздегі 15 министр қандай істерімен есте қалды?

Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан

Геннадий Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды

Мексикада ұрлық жасаған алты адамның қолын кесіп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288781-tazhikstanda-82-zhastaghy-keyuana-ozine-qa.html