RU

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батырына Астанадан ескерткіш қойылды (фото)

Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ресми ашылуы өтті. 1945 жылы қазақ жауынгері ресейлік Григорий Булатовпен бірге Қызыл әскер құрамында бірінші болып Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымы.

11 метрлік монумент Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан, деп хабарлады Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан. Жобаға сәйкес, мүсіндік композицияның биіктігі – 6 метр, ал гранит тұғырдың биіктігі – 4,5 метр. Ескерткіштің авторы – «Қазақ Елі» монументін жасауға қатысқан белгілі мүсінші Асқар Нартов. Салтанатты шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала тұрғындарын ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

«Бүгін қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін мәңгілік ету үшін осы монументті ашып отырмыз. Оның есімі өскелең ұрпақтың жадында ерліктің символы ретінде сақталуы керек, сол себепті Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елордада аты аңызға айналған нағыз жауынгерімізге арнап ескерткіш орнатылды», – деді Ермек Аманшаев.

Салтанатты шараға Рақымжан Қошқарбаевтың қызы – Әлия, аты аңызға айналған кеңес жауынгерінің немерелері, сондай-ақ, лейтенант Қошқарбаев туралы кітаптың авторы Қасым Аппасұлы қатысты. Сонымен қатар, ескерткіштің ашылуына қатысқан жүздеген адам ұлы қазақ жауынгерінің мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Еліміздегі 15 министр қандай істерімен есте қалды?

Есіктегі қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер сот алдына келді

Еліміздің төрт облысында күн күрт суытады

Таланттар тартысы: "Бала дауысы" байқауының финалистері анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288944-reykhstagqa-tu-tikken-qazaq-batyryna.html