RU

Әйелін бояусыз көрген ер адам дереу ажырасуға арыз жазды

Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны үйленгелі бері әйелін алғаш рет бояусыз көріп, шошып қалғанын айтып отыр. Ол дереу ажырасуға арыз жазды дейді Metro басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Газет тілшілерінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар Шарджа қаласындағы жағажайлардың бірінде демалысын өткізген. Әйелі шомылу үшін бетіндегі бояуын жуып тастаған сәтте ері оның түрінің өзгеріп кеткенін байқаған.

Шошынған күйеуін сабырға шақырудың орнына 24 жастағы әйел бұған дейін бетіне пластикалық операция жасатқанын, жасанды кірпік жабыстырып, түрлі-түсті линза тағатынын да айтқан.

30 жастағы ер азамат көп ойланбастан ажырасуға арыз берген. Ол заңгерлерге өзінің алданып қалғанын айтыпты.

Айта кетейік, араб елдерінде мұндай жайттар жиі орын алып отырады. Мәселен, 2014 жылы WhatsApp-мессенджері арқылы жазған хабарламасына жауап бермеген әйелін саудиялық жігіт талақ айтып қуып шыққан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Еліміздегі 15 министр қандай істерімен есте қалды?

Есіктегі қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер сот алдына келді

Еліміздің төрт облысында күн күрт суытады

Таланттар тартысы: "Бала дауысы" байқауының финалистері анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288957-ayelin-boyausyz-korgen-er-adam-dereu-azh.html