RU

«Ажал періштесі» америкалықтардың зәре-құтын қашырды (фото)

Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған «ажал періштесінің» суреттері америкалықтардың зәресін алды деп хабарлайды Baq.kz.

Суреттерден қара киім жамылған, шынжырлаулы адам қаңқасының аспанда қалықтап жүргені анық көрінеді. Жазба авторы Зак Крюгер шын мәнісінде мұның кәдімгі дрон екенін айтты.

Айтуынша, қалжыңбас ағасы көршілерін осылайша алдап соқпақ болған. «Әзірейілді» көрген кейбір көршілер қатты қорқып қалса, енді бірі мұның ойын екенін бірден түсінген.

Алайда, интернет қолданушы бұл суреттердің ғаламторда тез тарап кеткеніне таңғалып отыр. Қазір бұл постқа 280 мың «лайк» басылған екен.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Еліміздегі 15 министр қандай істерімен есте қалды?

Есіктегі қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер сот алдына келді

Еліміздің төрт облысында күн күрт суытады

Таланттар тартысы: "Бала дауысы" байқауының финалистері анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1288992-azhal-perishtesi-amerikalyqtardynh-z.html