RU

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайды. Тек олар жұмыс уақытын тиімді пайдалануды үйрену керек.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Жұмыс уақытын бақылау жөнінде өткен аптадағы брифингте айтылды. Яғни, ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Қазір мемлекеттік басқару академиясының бағдарламасына оқыту курсы, былайша айтқанда, тайм-менеджмент енгізілді. Оның аясында әрбір мемлекеттік қызметші өзін-өзін тәртіпке салу, өз жұмыс уақытын бақылау дағдыларын үйренеді. Тиісінше, ешқандай жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды. Заңды түрде шай ішуге немесе темекі тартуға ешқандай талаптар қойылмайды», – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Осыған дейін Айгүл Шайымова мемлекеттік органдарда қызметкерлердің шай ішу мен темекі тартуға жұмсаған уақыты есептелетінін мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

Танымал қазақ футболшысы төрешіні балағаттағаны үшін дауға қалды

Тәжікстанда 82 жастағы кейуана өзіне қарайласпаған ұлын сотқа берді

Рейхстагқа ту тіккен қазақ батырына Астанадан ескерткіш қойылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289049-memlekettik-qyzmetkerlerge-zhumysta.html