RU

Алматылық ана қымбат фотоаппаратпен үйінен шығып кеткен жалғыз ұлын таппай жатыр (фото)

Алматыда ана 4 күннен бері жалғыз ұлын таппай жүр. 22 жастағы Ханапия Қосылбеков 16 қазан күні жоғалып кеткен. Ол сол күні түстен кейін CANON фотоаппаратын алып, шығып кеткен.

Бұл туралы "NewTimes.kz"- ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ол менің жалғыз ұлым. Екеуіміз ғана өмір сүреміз. Маған көмектесіңіздерші, мен ұлымды 16 қазаннан бері көрген жоқпын. Қайда екенін білмеймін. Оның бүйрегі ауыратын еді, көзі нашар көреді (-5). Ол қымбат фотоаппаратты ала кеткен еді, соның кесірінен оған бірдеме болды ма деп қауіптенем. Біз полицияға арыз жаздық. Алайда олар әлі күнге дейін ештемені тексерген жоқ», - дейді ботадай боздап анасы Гүлбану Қосылбекова.

Әйел адам қандай да бір ақпараты бар адам 87012630409 немесе 87078095928 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289173-almatylyq-ana-qymbat-fotoapparatpen.html