RU

Өзбекстанда жантүршігерлік тікұшақ апатынан 9 адам қаза тапты

Өзбекстанның Ферғана облысында 18 қазан күні елдің Қорғаныс министрлігінің Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы сәрсенбі күні кешке UzDaily Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Тікұшақ жоспарлы түрде ұшқаны аталып өтілді. Апат салдарынан 3 экипаж мүшесі мен тікұшақ бортында болған 6 әскери қызметкер қаза тапты.

Қазір әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289237-ozbekstanda-zhanturshigerlik-tikushaq.html