RU

Тойда төбелес шығарған алматылық қыз өзінің зорланғанын айтып, көмек сұрады

Мерекелік кештегі төбелесте дене жарақатын алған алматылық қыз туыстарына "мені зорлады" деп өтірік айтқан деп хабарлайды Sputnik.

1994 жылы туылған қызға қатысты қылмыстық іс Іле аудандық сотында қаралаған. Сот анықтағандай, қыз туған күн кешінде мас болып, басқа бір қонақпен төбелескен, соның салдарынан жеңіл-желпі дене жарақатын алған.

Бұл оқиғаны жасыру үшін жас қыз туған-туыстарын, полицейлер мен дәрігерлерді алдапты. Ол "мені жолшыбай отырған автокөлік жүргізушісі зорлады" деп мәлімдеген.

Өтірік айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, қыз тіпті арыз да жазған. Куәгерлерден жауап алу кезінде ол өз қылығын мойындады.

"Жасалған қылмыс туралы көрінеу жалған мәліметтер беру" бабы бойынша сот үкімі оны айыпты деп тауып, бір жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады.

Тағы да оқыңыздар:

Сапарбаев өзін қытайларға жер сатты деп айыптаған адаммен соттасып жатыр

Өмірден өткен жұбайына ән арнаған Абай Бегей тыңдармандарын жылатты

Баян Мақсатқызы өзін өлтіре жаздаған күйеуін не үшін кешіргенін айтты

Мексикада өлі шаяндарды тырнаққа жабыстыру сәнге айналуда (фото)

Кулагиннің ұлы президент әкімшілігіне қызметке тұрды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289293-toyda-tobeles-shygharghan-almatylyq-qyz.html