RU

Шымкенттің қызғаншақ тұрғыны әйелін балталап өлтіріп тастады

Шымкенттің қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында қызғаныштан әйелін өлтірген 46 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сотта анықталғандай, бірнеше ай бойы сотталушы әйелі көзіне шөп салып жүрген деген күдікті оймен жүрген. Тіпті, құрбыларына қонаққа жібермеген. Әрбір басқан қадамын аңдып, әйелін өзімен бірге жұмысына ертіп кетіп жүрген. Сонымен қатар ер адам әйелін бақылап отыру үшін үйіне бейнебақылау камерасын да орнатыпты.

Бір күні ер адамға аулада "әйелінің көңілдесі" пайда болғандай көрінеді. Қызғаншақ сотталушы белгісіз адамды ұстап алып, одан жауап алмақшы болады. Алайда ойлағанынан ештеңе шықпайды.

«Ол ұялы телефонының жарығын түсіріп тұрды. Ал мені көрген кезде қақпадан қарғып түсіп, тығылып қалды", - дейді сотталушы.

Белігісіз ер адамды ұстай алмай үйіне оралған сотталушы әйелінен күдіктеніп таңға дейін көз іле алмайды. Ал таңертеңмен қолына балта алып, мән-жайды анықтау үшін әйеліне келеді. Ол жұбайының басынан екі рет балтамен ұрып, содан кейін оның денесін жапқышпен жауып қояды. Кейін ештеңе болмағандай балаларын оятып, оларды мектепке апарады. Үйіне қайта келген ер адам ішімдікке тойып алып, жасаған қылмысын туған анасына барып айтып береді. Анасы сол мезетте-ақ полицияға хабар береді.

Сот алдына келген ер адам өзінің кінәсын бірден мойындады. Айтуынша, әйелін өлтіру ойында болмаған. Болған жайтқа әйелі итермелеп, оны балта ала жүгіруге мәжбүрлеген-мыс.

Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289351-shymkenttinh-qyzghanshaq-turghyny-ayelin.html