RU

Танымал тележүргізуші кездейсоқ жеңімпазға өз көлігін сыйға тартпақ

Танымал тележүргізуші Жанат Бақыт өз көлігін лотореяда ойнатып, бағын сынауға дайын жандарды ойынға қатысуға шақырып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

"КТК" арнасының жаңалықтарын жүргізетін танымал тележүргізуші Жанат Бақыт эфирге қазақы нақышта безендіріліп, оюлармен көмкерілген киімдер кию үрдісін алып келген жаңашыл тележүргізуші екені мәлім. Оның үлгісіне еліктеп, соған қарап киінгісі келетіндердің саны артқандықтан, ол сән үйін ашып, онда әйелдерге арнап тігілген қазақы көйлектерді сатылымға шығарған.

Енді Жанат Бақыт желідегі желідегі парақшасында лоторея ойнатып, өз көлігін кездейсоқ жеңімпазға беретінін мәлімдеді.

"Құрметті оқырмандар! Жақында "Жанат Бақыт" деп аталатын менің сән үйімде үлкен ұтыс ойнатылады! Бас жүлде - өзім тізгіндеп жүрген Mitsubishi Pajero автокөлігі! Ұтыс шарттары жуырда жарияланады! Ұтыс-әділ өтеді. Еш әзілсіз, қалжыңсыз! Ойыншық көлік емес, шын көлік беріледі!", - деп жазды ол.

Мұны естіген желі қолданушылары қуанып қалды, олар жаппай байқауға қатысуға ниет білдіріп, одан байқау шарттарын тезірек жариялауын өтінді.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289394-tanymal-telezhurgizushi-kezdeysoq-zhenh.html