RU

Оралда концерт ұйымдастырушылар Ерке Есмаханды "лақтырып" кетті (фото)

Орал билігі Ерке Есмаханның концертін ұйымдастырушыларды сабылып іздеп жатыр деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Танымал әншінің концерті жөніндегі жарнамалық плакаттар бүкіл қала бойынша ілініп тасталған. Бірақ, оны орналастыруға ұйымдастырушылар әкімдіктен рұқсат алмаған екен.

Қалада заңсыз жарнамамен күрес жүргізіліп жатыр. Орал әкімдігінде хабарлағандай, жарнамалаумен айналысатын компаниялар өз жарнамаларын мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз кез келген жерге іле салады екен. Олар үйлердің қақпасына, аялдамаларға, тіпті трансформаторларға да іліп кете баратын көрінеді. Ал заңға сәйкес, барлық сыртқы жарнама үшін белгілі бір тариф бойынша ақы төленуі тиіс.  Жарнамалауға берілетін рұқсат бір жылға жарамды, дегенмен заңды белден басып, жарнаманы ойына келген жерге іле салатындар жетіп артылады деп шағымданды әкімдіктегілер.

Мұндай заңсыз жарнама ілушілер қатарында қазақстандық жұлдыздар концерттерін ұйымдастырушылар да көп. Солардың бірі Ерке Есмахан концертін ұйымдастыруды қолға алып жатқандар екен. Бүгінде тиісті органдар оларды іздестіріп жатыр.

Айта кету керек, концерт ұйымдастырушылары мемлекеттік қазынаға салық төлеуге міндеттеліп, оларға әкімшілік айыппұл салынбақ.

Естеріңізге салсақ, Ерке Есмахан шығармашылығында алғаш рет республикалық турне ұйымдастырып отыр. Ол өзінің бұл гастрольдік концертін өзінің туған жері Ырғыз қаласынан бастамақ. Турне 24-қазанда басталады. Ерке Есмаханның директоры Ақмаралдың айтуынша, әнші елдің түкпір-түкпірін аралап, ауылдағы ағайынмен жүздесіп қайтпақшы.

Юлия Чужованың материалынан аударылды

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289493-oralda-koncert-uyymdastyrushylar-erk.html