RU

Танымал ресейлік әртіс ислам дінін қабылдады (фото)

Көрерменге «Чернобыль. Зона отчуждения», «Экипаж», «Ласковый май» сынды кинолары арқылы танымал ресейлік актер Сергей Романович ислам дінін қабылдады. Актер неліктен исламды қабылдағаны айтып берді хабарлайды Islam.kz.

Әртіс, бала күнінен православты христиан отбасында тәрбиеленген. Шоқынған. Николай Чудотворец әулиенің суретін тұмар қып тағып жүрген екен. Бірақ 17 жасында-ақ келгенде актер сенімінде кереғарлық көп екенін байқайды.

Ал Сергей 20 жасқа толғанда шешен досы Шәмілдің ағасымен дін хақында дауласып қалады. Екеуі бес сағат таласып-тартысады. Шәмілдің ағасы оған, «Сен әртіссің, әртістігіңді дәлелдеу үшін образға енесің, сахнада ойнайсың. Ал, Құдайға сенгеніңді қалай көрсетесің, немен дәлелдейсің?», - деп сұрайды.

Содан кейін Сергей Құран мен Інжілді қатар сатып әкеліп, салыстырып оқиды. Алланы тану үшін оның парыз еткен амалдарын бұзбай орындау керектігін мойындайды.

«Мені сол күннен бастап дін тақырыбы қызықтырды. Бардым да Құран мен Інжілді қатар сатып алдым. Салыстырғым келді. Ойым тек ақиқатты түсіну болды. Бір айдан кейін Исламды қабылдадым. Шәмілдің асүйінде отырып, сенімге толы жүрекпен: «Лә иллаха иллалла, Мұхаммадар расулАлла» деп мойындадым. Сол күннен бастап бес уақыт намаз оқимын. Осы жолы ораза ұстадым. Күн батқанша нәр татпай жүрдім», - дейді Сергей.

Сергейдің ата-анасы алғашында ұлдарын сектаға кіріп кетті деп ойлады. Тек уақыт өте келе түсіністік таныта бастады. Ал Сергей Романовичтің өзі осыдан кейін діни сеніміне қайшы келетін фильмдерге түсуден бас тартты. Александра Головкова атты сұлуға үйленіп, некелерін мұсылманша қидырды.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289527-tanymal-reseylik-artis-islam-dinin-qa.html