RU
Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда қант диабетімен ауыратындардың саны 280 мыңға жеткен. Бірақ, бұл да нақты көрсеткіш емес. Өйткені, зерттеу барысында өздерінің бұл дертке шалдыққанын білмейтін тағы осынша адамның бар екені анықталды.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер алдында сөз алған парламент мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова осындай деректерді алға тартып, елорда жастарының диабетпен күресті бастап кеткенін мәлімдеді.

Елімізде инсулинсіз ішкен асы жөнді қорытылмайтындардың саны әр он жыл сайын екі есеге өсіп келеді. Мәселен, 2005 жылы 120 мың адамға қант диабеті диагнозы қойылған екен. Араға 10 жыл салып, бұл көрсеткіш 277 мыңға жеткен. Биыл олардың саны тағы да ұлғайып отыр.

"Көпшілік жағдайда біз бұл ауруға ұшырағанымызды асқынған кезде бір-ақ біліп, дәрігерге хал үстінде жатқанда ғана хабарласамыз. Өз еркімізбен алдын алуды ойламаймыз. Ал қант диабеті – ХХІ ғасырдың ең кең тараған, бізде ғана емес, барлық мемлекетте өршіп тұрған аурулардың бірі. Тіпті, қазір балалар арасында да кеңінен тарай бастады. Егер дер кезінде ем-домын қабылдаса, мұның алдын алуға болады. Сондықтан, «Назар аударыңыз: Диабет жаныңызда» жобасының аясында 80 шақты ерікті елордамыздың мектептері мен оқу орындарын аралап, ағартушылық жұмыстарын жүргізетін болады", - деді Зәуреш Жұманәлиқызы.

«Назар аударыңыз: Диабет жаныңызда» жобасы осыдан бір жыл бұрын Алматыда бастау алған. Оған 130 ерікті қатысып, оңтүстік астанадағы 154 мектептің оқушылары мен мұғалімдерінің қандарындағы глюкозаны тексерген. «Диабеттік ағартушылық қорының» директоры Наталья Тукалевскаяның айтуынша, 24 мыңнан астам адамды қамтыған зерттеудің нәтижесінде олардың 12,1 пайызында қант мөлшерінің шамадан жоғары екендігі анықталған.

"Бұл аурудың адам жанына бататындай белгілері жоқ. Сондықтан, кейбіреуі өздерінің қант ауруына шалдыққанынан 5-10 жылдан кейін бір-ақ біліп жатады. Дегенмен, біздің жобамыздың арқасында тексерістен өткендер өздерінің бұл ауруға қаншалықты шалдыққандықтарын және диаббеттің алдын-алу жолдарын білетін болады", - деді Наталья Тукалевская.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Сіздің реакцияңыз
3
4
0
4
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel