RU

Терроризммен айыпталғандарды бөлек түрмеге отырғызу керек пе?

Терроризм үшін сотталғандарға жеке абақты салу қажет. Ирина Смирнова премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына осындай депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Астана арнасы.

Өйткені ланкестердің жазасын өтеу мерзімі ұзартылса, басқа жазасын өтеушілерді экстермизмге үгіттеуі мүмкін. Сондықтан депутат оларды жеке колонияда, не абақтыдан бөлек аймақта оқшаулауды сұрады.

"Жеке колониялар салу туралы парламент қабырғасында 2014 жылы талқыланып, Ішкі істер министрі мәселенің жақын арада шешілетінін айтқан болатын. Лаңкестік әрекеттері үшін сотталғандарға арналған алғашқы абақты Қарағандыда салынуы керек еді. Оған қаржылай демеу болатын кәсіпкерлер де барын білеміз. Алайда әлі күнге дейін елімізде жеке түрмелер жоқ. Жалпы түрмеден жазасын өтеп шыққандар демеуді мемлекет тарапынан емес, экстремистік ұйымдардан көреді. Себебі абақтыда отырып-ақ байланысты болған. Сол себепті жеке колониялар салу туралы атқарылып жатқан жұмыс жоспарымен танысуымыз керек", - дейді парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289690-terrorizmmen-ayyptalghandardy-bolek.html