RU

«Оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстырған дұрыс па?

Астанада өтіп жатқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың xалықаралық форумында президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде сырттан қаншама қандасымыз келді. Ол бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз. Меніңше, оралман дегеннен гөрі ағайын деп айтқанымыз дұрыс болады. Сондықтан, осындай ұсыныс жасағым келіп отыр», - дейді Бағлан Майлыбаев.

Айта кетейік, форум жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай, Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289707-belgili-sheneunik-oralman-sozin-agh.html