RU

Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің аздығына алаңдап отыр

Шымкенттегі "Нұрсәт" ауданында орыс тілді мектеп жоқ. Балаларын алыс аудандағы мектепке апаратын ата-аналар қиналып отыр деп хабарлайды "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жаңа шағынауданға қоныс ауыстырған тұрғындар балаларын орысша оқыту үшін 5 шақырым жердегі мектепке тасуға мәжбүр болып отыр. Бірнеше ауысыммен оқитын балаларын сабаққа апарып, алып кету олар үшін бейнетке айналған.

Жақын маңдағы мектептер тек қазақ тілінде болғандықтан, олардың балалары бірнеше автобусқа мініп қана мектепке барып жүрген көрінеді.

Ал жоғары сынып оқушылары өздері қатынайды. Бар қиындық үйінде бірнеше бастауыш сынып оқушылары бар ата-аналарға түсіп отыр.

«Мен Нұр Отанға шағымданып, едім көмектесе алмаймыз деп отыр. Бір емес, үш немерем бар, екеуі түске дейін, бірі - түстен кейін оқиды. Оларды мектепке тасу қиынға соғып отыр», - дейді Олесяның анасы Татьяна Огоркина.

Қалалық білім бөлімінің басшылары бұған қатысты қолдан келер дәрмен жоқ деп отыр. «Нұрсәт» шағынауданында мектептің тапшылығы бары рас деп отыр олар. Олардың айтуынша, тағы бір мектептің құрылысы жоспарда жоқ, сондықтан балаларға қатынайтын автобус беру мүмкіндігін қарастыру ғана қолдан келеді.

Шағынаудан тұрғындары автобус берілсе де қарсы емес. Олардың сұрап отырғаны - мәселені қысқа дейін шешу.

Тағы оқыңыздар:

Баян Мақсатқызы өзін соққыға жыққан күйеуін кешірді

Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста шай ішіп, темекі тартуға тыйым салынбайтын болды

Мектепте ақша жинаған мұғалімдер енді қызметінен қуылады

ОҚО әкімі елбасының саясатына қарсы шығатындарды қорқытты

"Мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар емханаға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1289749-shymkent-turghyndary-qalada-orys-mekte.html