RU

Назарбаев араб телеарнасына сұхбат берді (видео)

Лаңкестік пен мұсылманның арасында ешқандай да теңдік жоқ. CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында телеарна тілшісі Қазақстан президентінен: «Өзіңіз атап өткендей, Сирия мәселесі өте күрделі. Әлі шешімін тапқан жоқ. Сіздің ойыңызша, Сириядағы дағдарыс жақын арада өз шешімін таба ма әлде ұзаққа созыла ма?» - деп сұрады.

Бұл сауалға орай мемлекет басшысы Сирия дағдарысын шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттер келісіп, бір жерден сөз шығару қажеттігін, сол арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты.

«Әсіресе, араласып жатқан үлкен мемлекеттер. Өкінішке қарай, әрқайсысы өздерінің мүддесін қалап, әр түрлі жағдаймен кіріседі. Әрқайсысының ішінде өз мүддесі бар. Лаңкестікке қатысып жүрген адамдар соны қолданады. Біріне бірін қарсы қояды. Сол қайшылықтан өздеріне орын табады. Сондықтан, менің ұсынысым - БҰҰ аясында бүкіл дүниежүзілік қоғамдастық бірлесіп лаңкестікке қарсы тұрып, Сирияның мәселесін шешуі керек. Басқа жол жоқ деп санаймын. Себебі, бұл - барлық мемлекеттерге қауіп. Бізді білмейтін басқа дүние, Батыс елдері мұның барлығы мұсылмандардан шығып отыр деп ойлайды. Лаңкестік пен мұсылманның арасында ешқандай да теңдік жоқ. Барлық елдер бірігіп қарсы шықса оны жеңуге болады», - деді Назарбаев.

Телеарна қаржы-экономикалық мәселелерді, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ауқымдағы маңызды оқиғаларды жарыққа шығарады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі алдағы төрағалыққа, Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы күштеріне байланысты сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында сөз етті.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 10-шы баласын дүниеге әкелген әйел аядай бөлмені жалдап тұрып жатыр (фото)

Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің азайып кеткеніне алаңдап отыр

Қазақ қыздарының басым бөлігі некеге дейін төсектес болатынын мойындаған

Храпуновтың қызы Қазақстаннан жымқырған ақшасын Трамптың жобаларына салған

Терроризммен айыпталғандарды бөлек түрмеге отырғызу керек пе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290041-nazarbaev-arab-telearnasyna-sukhbat-b.html