RU
Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталы елге танымал саясаткерлердің балалары және олардың өмірі туралы мақалалар легін жалғастырады.

Бұл қыздар элита өкілдері жиналатын түрлі отырыстар мен қымбат кештерде жиі төбе көрсетіп тұрады. Олар туралы ақпарат көздері көп айта бермейді. Әңгіме Алматының бұрынғы әкімі, қазіргі "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтың қыздары жөнінде өрбімек.

Сонымен, танымал тұлғаның қыздары туралы не білеміз?

Ғаламтордағы ашық ақпарат көздері Ахметжан Есімов пен жұбайы Сара Есімованың екі қызы бар деп көрсеткен.

Үлкені – Ғалия 1977 жылы туған.

2005 жылдың күзінде «Мегаполис» басылымында «Селдің астындағы VIP-үйлену тойы» (VIP-свадьба под селем) деген атаумен жарық көрген мақалада автор Ғалия Есімованың тойы Шымбұлақта өткенін мәлімдеген болатын. Той өткізген күні Шымбұлақ шипажайына ешкімді кіргізбеген.

«Тәртіп сақшылары келушілерге плотинаның сел қаупі төнгендіктен жабық тұрғанын айтып шығарып салуда. Сөйтіп тұрғанда, сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің кортежі жанымыздан шуылдатып өте шықты», - деп жазған мақала авторы Владимир Северный.

Ғалия Есімова Өркен Есей есімді кәсіпкермен отасыпты.

Ақпарат көздеріне сенсек, ол «Нұр дала» ЖШС құрылтайшысы ретінде белгілі. Егемен Қазақстан газетінің хабарлауынша, кәсіпкер 2011 жылы Спортты дамытып, қолдағаны үшін «Алтын жүрек» сыйлығының иегері атанады. Ал, otyrar.kz сайты Өркен Есейді Шымкент мәслихатының 6-шы шақырылымының депутаты ретінде атап көрсетеді.

Есімовтің екінші қызының есімі – Айжан. 1981 жылы туған.

Ол да қымбат кешкі көйлектерін киіп, зиялылар жиынына жиі барады. Ғаламтордағы ашық ақпарат көздерінен Айжанның «Я сам» атты балаларға білім беру орталығында үлесі бар екені белгілі болды.

Айжан Есімованың жолдасы - белгілі кәсіпкер әрі "АТФ банктің" иесі Ғалымжан Есенов.

Comode.kz басылымының айтуынша, ол 2000 жылдардың басында «Сеймар» инвестициялық тобының дамуына жауапты адамдардың бірі болған, ал 2013 жылы «АТФ» банктің директорлар Кеңесінің төрағасы қызметіне келеді. Ғалымжан Есенов Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті болған Шахмардан Есеновтың ұлы деген дерек кездеседі. Отбасылық жұптың жеке өмірі бұқаралық ақпарат құралдарынан тасада ұсталып келеді, тек олардың бір ұл тәрбиелеп отырғаны жөнінде ақпарат бар.

Айта кетсек, Ахметжан Есімов Алматы қаласын жеті жылдан астам уақыт басқарды. Бұрынғы әкім бір сұхбатында өзінің пәтері жоқ екенін, жұбайының пәтерінде тұрып жатқанын айтқан еді.

Тағы да оқыңыздар:

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Ресейлік әуе компаниясы Алматыға 5 мың теңгелік рейстер ашты

Сіздің реакцияңыз
145
34
23
21
0
95
60
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel