RU

20 рет пластикалық ота жасатқан қыз денсаулығын құртып алды

26 жастағы модель Алерия Авендано хирург пышағының астына алғаш рет 19 жасында жатқан деп жазады qamshy.kz.

Венесуэлалық қыз 19 жаста пластикалық ота жасатудың тым кеш екенін айтуда. Венесуэлада әрбір қыз 15 жасында кеудесін үлкейту отасын жоспарлайды.

Алерия кеудесін үлкейтумен тоқтап қалмаған. Одан кейін 20 пластикалық ота жасатты: бюст формасын үлкейту, липосакция, бөксесін үлкейту отасы, бұл оның бастан өткерген шағын ғана жұмысы десек те болады. Бет хирургына барып, иегін, қас формасын өзгертіп, мойнын ұзартқан, липосакцияның тағы бір сериясын жасатып, тістерін алдырған... Иә-иә. Алерия табиғи тістерін жұлдырып, орнына керамикалық тістер салдырған!

Сұлулық құрбандықты талап етеді! Таң қалмасқа шараңыз жоқ, тістер Алерияның өзгертуінің соңғысы емес. 6 жыл бойы белін қылдай ету үшін ол қыз корсет киген. Күніне 23 сағат. Дәрігерлер шамалары жеткенше қарсы болса да, Алерия үшін қылдай бел бәрінен қымбат болған.

Корсет кию қыздың денсаулығына орасан зиян келтірген, ішкі ағзалары максималды деңгейде қысылып қалған. Ал, Аллерияның өзі « Мен мінсіз әйел мүсініне жақындап қалдым. Және мұнымен тоқтамақ емеспін» дейді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 10-шы баласын дүниеге әкелген әйел аядай бөлмені жалдап тұрып жатыр (фото)

Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің азайып кеткеніне алаңдап отыр

Қазақ қыздарының басым бөлігі некеге дейін төсектес болатынын мойындаған

Храпуновтың қызы Қазақстаннан жымқырған ақшасын Трамптың жобаларына салған

Терроризммен айыпталғандарды бөлек түрмеге отырғызу керек пе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290244-20-ret-plastikalyq-ota-zhasatqan-qyz-dens.html