RU

Қазақтың бүркітші қызы голливуд актрисасын жылатты (видео)

«Звездные войны. Эпизод VII» блокбастерінде ойнаған Дейзи Ридли Лос-Анджелесте өткен The Eagle Huntress деректі фильмнің тұсаукесерінен жылап қайтты. Оның бұлай толқуына кинодағы басты рөлді сомдаған әлемдегі ең жас бүркітші қыз себеп болған деп жазады ihsan.kz.

Бүркітші қыздың есімі - Айшолпан. Монғолияның қазағы. Фильм режиссері Отто Беллдың айтуынша Ридли қаршадай қызға қатты тәнті болған. Актриса өзі де бұл тарихи жағдай қатты толғандырғанын, фильмді жылап отырып көргенін айтады.

Сондай-ақ мұндай айтулы жаңалықпен алғаш болып әлеммен бөліскенін мақтан тұтады. Фильмнің тұсаукесерінде Айшолпан мен оның әкесі де болды. Монғолия мен Американың арасы жақын болмағанымен, басты қаһармандарды арнайы алдыртқан көрінеді.

Видео: Movieclips Film Festivals & Indie Films

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда 10-шы баласын дүниеге әкелген әйел аядай бөлмені жалдап тұрып жатыр (фото)

Шымкент тұрғындары қалада орыс мектептерінің азайып кеткеніне алаңдап отыр

Қазақ қыздарының басым бөлігі некеге дейін төсектес болатынын мойындаған

Храпуновтың қызы Қазақстаннан жымқырған ақшасын Трамптың жобаларына салған

Терроризммен айыпталғандарды бөлек түрмеге отырғызу керек пе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290344-qazaqtynh-burkitshi-qyzy-gollivud-aktr.html