RU

Бердібек Сапарбаев сотта ар-намысын қорғап алды

Бердібек Сапарбаев ар-намысын қорғап алды. Астана қалалық Алматы ауданының соты Ақтөбе облысы әкімінің талап арызын қанағаттандырды деп хабарлайды 31 арна.

"Талапкер Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының жауапкер Егеубаев Айдын Қалдыбайұлына ар-намысқа, қадыр-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылсын", - дейді Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бағдагүл Бияхметова.

Осылайша сот шешімімен Айдын Егеубаевтың Youtube арқылы жариялаған мәлімдемесіндегі "Сапарбаев мырзаның тікелей тапсырмасымен қытай азаматтары жер алды" деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді деп танылды. Сондай-ақ, дәл осы мәтінде ақпарат агенттігіне берген сұхбатын да сол баспасөз бетінде жоққа шығару міндеттелді.

Азаматтық белсенді бұл шешімді қайта қарауға өтініш береміз деп отыр. Ал Бердібек Сапарбаев моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге сұраған болатын. Судья, жауапкер Егеубаевтың бес баласы бар екенін ескеріп шенеуніктің ар-намысының өтемін 100 мың теңге деп бағалады.

Тағы да оқыңыздар:

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Ресейлік әуе компаниясы Алматыға 5 мың теңгелік рейстер ашты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290558-berdibek-saparbaev-ar-namysyn-qorghap.html