RU

Алматы облысында мүгедектер үйіндегі науқас қызды санитарлардың бірі зорлаған

Алматы облысы Талғар ауданындағы  психоневрологиялық ауруы бар науқастарға арналған интернат үйінің қызметкерін науқастардың бірі зорлық көрсетті деп айыптады. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өзін Талғардағы психоневрологиялық ауруы бар науқастарға арналған интернат үйінің қызметкерімін деп таныстырған Бауыржан Несіпқұлов жұмысынан шеттетілгенін айтады. Себебін, санитардың өзі, кезекшілікке түскен күні басқа бір әріптесінің үстінен шағымданып келген мекеме қамқорлығындағы азаматшаның арызымен байланыстырады. Науқас өзін Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басқа бір қызметкері зорлағанын айтқан.

"Әкімшілік корпустың артына апарып, мені анайы түрде зорлады дейді. Жазда зорлаған. Қазір әр ауысым түскен сайын түнде далаға шақырып, маза бермейді дейді. Бізде үш адамдық, он адамдық палаталар бар. Мен Мадиярдың ауысымы болғанда, өз палатамда жатуға қорқамын дейді", - деп түсіндірді «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Бауыржан Несіпқұлов.

Жылап келген қыз психоневрологиялық ауруы бар науқастардың ем алатынындығын ескерсек, олардың өтірік айтуы да мүмкін ғой деген сауал туындайды. Бірақ Бауыржанның әріптесі, күтінуші өздерінен көмек сұрап келген күні кезекшілікке жауапты медбике Бағлан Смазгаева да науқастардың мінез-құлқын жетік білетінін айтады.

"Сенбеймін деп мен ештеңе айта алмаймын. Бірақ дегенмен ол қыз өтірік айта алмайды", - дейді Мүгедектер үйінің медбикесі Бағлан Смагзаева.

Күтінушінің санитардан қорқатынын айтып келген күні, яғни осы жылдың 8 қазаны күні кезекшілікте болған медициналық қызметкерлерден құралған топ, сол түні науқастың палатасын көз ілмей, күзетіп шықтық дейді.

"Қорқамын, өлгім келеді деп айтқаннан кейін, ауысымдағы аға қызметкер рапорт жазды, мен қол қойып бердім", - дейді «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Жеңісгүл Сүлейменова.

Ал, ертеңінде Бауыржан Несіпқұлов кезекшілікті өткізердің алдында арнайы рапорт жазып, басшылыққа интернаттағы мән-жайды айтпақ болған. Бірақ бұл іс - Бауыржан Несіпқұловтың жұмысынан уақытша шеттетіліп, кезекшілікте болған басқа қызметкерлерге сөгіс жариялаумен аяқталған.

"Мына жағдайды айтсақ, шу болады. Бұл директорымыз Астанадағы үлкен шенеуніктің әкесі", - дейді Несіпқұлов.

Бауыржан Несіпқұлов сондай-ақ, интернат күтінушілерінің күйі мүшкіл деп басқа бір мәселенің шетін ағытты. Күн сайын қырыққабатты біресе қуырып, біресе асып беретін науқастар ішер ас түгілі, киер киімге де жарымай отыр дейді.

"Киімдер бар, бірақ комиссияға деп отырады. Комиссия кетеді, қайтадан шешіп қояды. Ал комиссия кеткеннен кейін не киеді? Жыртық, қалған-құтқан. Менде видеосы бар, сіздерге берейін", - дейді Несіпқұлов.

Айтып отырған видеосында науқастардың басым бөлігінің жалаңаяқ, аяқ киімсіз жүргені көрінеді.

Тағы да оқыңыздар:

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Ресейлік әуе компаниясы Алматыға 5 мың теңгелік рейстер ашты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290571-almaty-oblysynda-mugedekter-uyininh-n.html