RU

Пони сатып алу үшін екі жыл лимонад сатқан жеті жасар балақай жұртты тәнті етті

Аустралияның Квинсленд қаласының 7 жасар тұрғыны Себастьян Кент пони сатып алу үшін екі жыл бойы лимонад сатқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баланың отбасы дайындаған үй лимонадын Себастьян алғашында 20 центке сатқан. Бірақ, қала тұрғындары баланың арманын естіп, оны отбасымен бірге жергілікті мерекелерге лимонад сатуға шақырған деп хабарлайды ҚазАқпарат edition.cnn.com сайтына сілтеме жасап.

Сонымен бірге, фермерлер Себастьянның отбасына тегін лимон жеткізіп тұрған, ал кейбір сатып алушылар 20 центтің орнына 100 цент төлеген.

Нәтижесінде бала екі жыл ішінде үш мың австралиялық доллар жинаған. Лимонад сатудан бөлек, ол туған күніне, Рождествоға сыйланған қаражатты да жинаған.

11 қазан күні ата-анасы Себастьянға Том есімді пониді сатып алды. Баланың анасы Джулиана Кент баланың жануармен алғашқы кездесуін бейнетаспаға жазып алды. Себастьян арманының орындалғанына сене алмай, әкесін құшақтап, бақыттан жылап жіберді.

Тағы да оқыңыздар:

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Ресейлік әуе компаниясы Алматыға 5 мың теңгелік рейстер ашты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290610-poni-satyp-alu-ushin-eki-zhyl-limonad-sat.html