RU

Босқындар аудармашы қызды репортердің көзінше жабылып зорлады

Францияда босқындар аудармашыны репортердің көз алдында жабылып зорлады. Бұл туралы The Local France ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Оқиға елдің солтүстігіндегі Кале қаласындағы босқындар лагерінде орын алған. Түнде кеш мезгілде телевидениенің түсіру тобы мұнда ауған босқындары жайлы репортаж дайындап жатқан. Қылмыскерлер әуелі пышақпен қорқытып, түсіру жабдықтарын тартып алуға әрекет жасаған, сосын пушту тілін білетін тегі ауғандық 38 жастағы аудармашы әйелді жабылып зорлаған.

Журналист зардап шегуші әйелді полиция бөлімшесіне жеткізген. Содан кейін медициналық тексеруден өткіздіріп, қылмыстық орын алғанын айғақтайтын анықтама алған. Осыған байланысты зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция журналист пен аудармашы әйелге шабуыл жасап, бұлардың соңғысын зорлап кеткен үш қаныпезерді іздестіріп жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Ресейлік әуе компаниясы Алматыға 5 мың теңгелік рейстер ашты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290659-migranttar-audarmashy-qyzdy-reporter.html