RU
БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Рассказать Вконтакте

Өз нақсүйерін өлтіруге тапсырыс берген аудан әкімін босатпайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Сот өз нақсүйерін өлтіруге тапсырыс берген аудан әкімін босатудан бас тартты. Ең қызығы, апеляциялық шағым қастандық жасауға әркеттенген айыпталушыдан ғана емес, жәбірленуші әйелден де түсіп отыр. Зәбір көрген әйел көңілдесінің оны өлтіруге ешқандай себебі болмағанын айтып, оны босатуын сұрайды.

Мұны әйел Серікқалиевпен жақсы қарым-қатынаста болғанымен және баласына қамқор екенімен айтып түсіндірді. Кристина Сәлімгерееваға осы жылдың ақпанында аяусыз қастандық жасалған еді. Оны 8 жерден пышақ салып өлтірмек болған. Ал ол қастандық жасауға басқа біреу тапсырыс бергеніне сенімді.

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өз кінәсін мойындамай отыр. Ал сонымен бірге айыпталып отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жетекшісі және оның жүргізушісі үкімді жеңілдететінінен үмітті еді.

Апелляциялық коллегия шағымды қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды, яғни, 11 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жеңіс Серікқалиевтің қорғаушысы Мәди Мырзағараевтың айтуынша, мерзімі, шағымы және кінәсіздік мотивтері бойынша бұдан әрі де апелляцияға шағым түсіруге болады.

Тағы да оқыңыздар:

Қант диабетімен ауыратындардың саны мәжіліс депутатын шошытты

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Ақтөбеде ата-анасы кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

Алматы облысында сәбиі перзентханада шетінеген әке дәрігерлерді жағадан алды

Ресейлік әуе компаниясы Алматыға 5 мың теңгелік рейстер ашты

Сіздің реакцияңыз
6
1
2
1
0
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel