RU

Ақтөбелік компания мысық пен иттің етінен тағам әзірлейтін аспаз іздеп жатыр

"Ақтөбемұнайгаз" кәсіпорыны қытайлық тағамдарды, оның ішінде мысық еті мен ит етінен жасалатын тағамдарды дайындауға маманданған аспазға 500 мың доллар жұмсауды көздейді. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Осындай мәтіндегі хабарландыру алдағы уақытта өткізілетін тендерлер туралы ақпарат беретін сайтта пайда болған. Аспазға қойылған талапта акуланың жүзбеқанаттарынан, бұқтырылған теңіз өнімдерінен дайындалатын тағамдар, араққа қайнатылған құс еті, тіпті «Будда қабырғадан секіреді» деп аталатын сорпа дайындай алуы керек.

Лоттың жиынтық сомасы – 169 миллион теңге! Мердігер Қытайдың Сычуан, Гуандун, Цзянсус, Хунань, Шандунь, Чжэнцзян, Аньхой және Миньнан деп аталатын сегіз аймағының асханасынан хабардар болуы тиіс.

Ас талғампаздарының сүйікті тағамдарының қатарында пеште пісірілген сүтті шошқа еті, бұқтырылып ұсақталған өгіздің өкпесі, кальмар қосылған қуырылған шошқа асқазаны, майда бөктірілген бамбук, күріш ұны себілген, лотос жапырағына оралған буда пісірілген шошқа еті.

Бірақ, бәрінен де қызық болып тұрғаны екі тағам - вок табасында пісірілетін иттің еті мен соя соусында бұқтырылған гималай мысығының еті.

Қазақстан заңнамасы мысық пен иттің етін жеуге тыйым салмайды. Бұл туралы азаматтық құқық жөніндегі маман Станислав Лопатин айтып берді. Алайда, бар мәселе ондай етті қайдан алатынында.

«Ит пен мысықты бірнеше жолмен табуға болады. Оны аулау, қолда өсіру немесе Қазақстанға сырттан әкелуге болады. Жабайы мысықтар мен иттерді аулауға заңмен тыйым салынған, оған рұқсат етілмейді. Оларды тамаққа пайдалану үшін үйде өсіру де заңсыз», - деп түсіндірді маман.

Ал ит пен мысықты екпе егілгенін, ауруы жоқ екенін дәлелдейтін ветеринарлық куәлігі болса ел аумағына енгізу мүмкіндігі қарастырылған. ЕвразЭС кедендік аумағына енгізу кезінде ветеринарлық талаптарға сай болуы керек екен.

«Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда ит пен мысықты өсіріп, оны пайдаланудың жұмысы көп, бірақ тыйым салынбаған. Осындай іспен айналысқысы келетін адамдар оны реттейтін нормативті-құқықтық және нормативті-техникалық құжаттың жоқтығынан үнемі кедергілерге тап болып отырады», - деп қорытындылады Лопатин.

Ал жануарларды қорғау қорының президенті Алла Ноеренчук басқаша ойлайды.

«Қазақстанда қатаң санитарлық, ветеринарлық бақылаудан өткен ауылшаруашылық малдың етін ғана пайдалануға рұқсат; ал ит пен мысық ондай жануар емес болғандықтан санитарлық ветеринарлық тексерістен өте алмайды», – дейді ол.

Оның айтуынша, базарларда осындай етті сатса, ол заңсыз жүзеге асады, өйткені ондай ет қаңғырған ит пен мысықтың еті болуы мүмкін. Олардың түрлі инфекция тарату қаупі бар. Сондықтан мұндай ұйымдар заңмен қудаланады, асханалар мен базарлар тұрақты түрде санитарлық тексерістен өтіп тұрады.

«Ондай ұйым бар бола қалған жағдайда, оған айыппұл төлетіп, қызметіне санкция қойылады, және жауып тастайды», - дейді Ноеренчук.

Михаил Козачковтың материалынан аударылды.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз құрбысының үйінен табылды

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы

Мәдина өз концертінде құрбысының күйеуіне алғыс айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290765-aqtobedegi-kompaniya-mysyq-pen-itten-t.html