RU
ОҚО-ның жаңа әкімі журналистерден қашпауға уәде берді

ОҚО-ның жаңа әкімі журналистерден қашпауға уәде берді

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев журналистерден қашпайтынын, керек болса, бірге ақылдаса жұмыс жасауға дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Журналистер алдында ағынан жарылған облыс әкімі бұл туралы Шымкентте өткен «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» атты республикалық журналистер форумында айтты.

«Бүгінгі күні сіздермен Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында кездесіп отырмыз. Бұл бір осындай демократиялық кездесу... Баспасөздің күшін, оның рөлін сонау заманда үшінші билік деп бекер айтпаған. Сондықтан да сіздердің қызметтеріңіз барлығымыз үшін маңызды», - деп айтқан Түймебаев төртінші билік өкілдері деп саналатын журналистерді «үшінші билік» деп атап, бір саты жоғарылатып тастады.

Әрине, әкім Түймебаев сөзінен жаңылуы мүмкін. Сонымен қатар аймақ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарымен барынша еркін пікір алмасуға уәде етті.

«Билікпен қандай қатынаста болу керек, ашық бола ма? Не істейміз? Не қоямыз?» деген әрбір баспасөз өкілінің сұрағы - көкейіндегі мәселесі. Сондықтан да мен айтамын, әрқашан ашық боламыз. Бұл бірінші кездесуіміз. Кездесуге кез-келген уақытта дайынмын. Бұндай кездесулерді дәстүрлі түрде өткізіп тұру керек. Онда да пікірлеріңізді білдіресіздер. Біреуден естігенше, бұрыс мәлімет алғанша, нақты дерек көзінен алған дұрыс... Елбасының айтқан сөздері - ортақ мақсатымыз, сол бойынша жұмыс істейміз. Өздеріңізбен ашық жұмыс істеуге дайынбыз», - деді ОҚО әкімі.

Форум өтіп жатқан залдың төрінде, яғни, президиумда сөз сөйлеген әкім Түймебаев алдағы уақытта журналистермен бір үстел басында тілдесуге дайын екенін де атап өтуді ұмытпады.

«Бұдан кейін бүгінгідей төбеден қарамай, сіздермен қатар бірге отырып сөйлесуге дайынбыз. Жұмыстарыңызға сәт сапар тілеймін. Алыстан келген қонақтарымызды шығарып салғаннан кейін өздеріңізбен алқа отырыстарында бірге болып, оларды сала-сала бойынша талқылауға дайынмын», - деген Түймебаев мырза өзі секілді әріптестерінің жұмысын да еске салды.

«Әкім - бастық емес, ол - елдің қызметшісі. Сондықтан осы салада сіздермен бірге жұмыс істейік, сонда жұмысымыз сәтті болады, еліміз бақуатты болады», - деп ойын түйді Түймебаев.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы

Мәдина өз концертінде құрбысының күйеуіне алғыс айтты

91 тобы үшін жылап қалған оқушы қызға полицей "әкең өлді ме?" деп айқайлады

Үнемі жалаңаштанып жүретін Гога Ашкенази ұятсыз көйлегін көрсетті (фото)

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel