RU
Сағадиев белсенділермен қазақ тілінің мәселесін талқылауға дайын

Сағадиев белсенділермен қазақ тілінің мәселесін талқылауға дайын

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақ тілінің жағдайына қатысты мәселелерді талқылауға дайын.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жақында Рысбек Сәрсенбайұлы мен Жанболат Мамай бастаған белсенділер министрді қазақ тілінің мәселесін көтеретін басқосуға шақырған болатын.

- Ең алдымен, Алматыда ұйымдастырып жатқан жиындарыңызға  Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті шақырған хатыңыздың назарсыз қалмағанын жеткізгіміз келеді.

Бүгіндері біздің тәуелсіз елімізде қазақ тілін – мемлекеттік тілді дамыту мәселесі кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Сіздердің тараптарыңыздан осы бағытта үнемі көтеріліп жүрген мәселелер жайында хабардармыз. Білім саласының жағдайына байланысты өз көзқарастарыңызды білдіріп, ашық және жариялы түрде алаңдаушылық білдіргеніңіз – құптарлық жайт деп білеміз. Дегенмен, мемлекет атынан білім және ғылым саласын дамыту міндеті жүктелген министрлік ретінде сіздердің келтіріп жүрген кейбір дәйексіз пікірлеріңізбен келісе алмаймыз

Сондықтан да, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сіздермен пікір алмасып, бүгінгі күні білім саласында өткізіліп жатқан реформа мен оның аясында енгізіліп жатқан көптеген жаңашыл үдерістер жөнінде толыққанды ақпарат беріп, міндет-мақсаттарын түсіндіруге мүдделі.

Осы тұста тағы бір айта кетерлік жайт бар. 22 қазан күні ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қызметтік күнтізбесінде бірқатар мемлекеттік маңызы бар іс-шараға қатысу міндеті жоспарланып қойылған. Олардың бәрі де Астана қаласында өтетіндіктен, белгіленген күні министрдің Алматыдағы кездесуге қатысу мүмкіндігі болмайтынына түсіністікпен қарайсыздар, деп үміттенеміз.

Есесіне, әріптестеріңізбен бірге талқылап, бір шешімге келер деген оймен, министрлік тарапынан сіздерге екі ұсыныс жасалады:

1. Сіздер қарсы болмасаңыздар, Алматыда өтетін шараға мемлекеттің білім саласын дамыту саясатын қолдап, реформаларды іске асыруға белсене атсалысып жүрген бір топ мамандар, лауазым иелері және азаматтық қоғам өкілдері қатысуға дайын.

2. 26 қазан күні Астанада білім ұйымдарында қазақ тілін оқыту, оның қолдану аясын барынша кеңейту арқылы мемлекеттік тілді дамыту мәселелері талқыланатын дөңгелек үстел отырысы өткізілмек. Сіздерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан  Сағадиев сіздермен аталған басқосу аясында кездесуге дайын екендігін жеткіземіз, - делінген баспасөз парағында.

Тағы да оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы

Мәдина өз концертінде құрбысының күйеуіне алғыс айтты

91 тобы үшін жылап қалған оқушы қызға полицей "әкең өлді ме?" деп айқайлады

Үнемі жалаңаштанып жүретін Гога Ашкенази ұятсыз көйлегін көрсетті (фото)

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel