Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы банктердің қожайындары кім?

Опубликовано:

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан банктер кімге тиесілі және рейтингтегі орны қандай екенін oinet.kz сайты анықтауға тырысты.

Бірінші орында – «Қазкоммерцбанк»

Кезінде бұл банкті Нұржан Субханбердин басқарған болатын. Бүгінде бұл банктің иесі – Қазақстандағы ең бай елу адамның алғашқы 7-лігінің тізімінде тұрған Кеңес Рақышев. «Казкомның» 71,28 пайыз акциясы Кеңес Рақышевқа, яғни Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласына тиісті. Бірқатар сарапшылар банк саласында ұлттық буржуазияның осылай ықпалының артқаны – жағымды тенденция деп отыр.

Екінші орында – «Қазақстан халық банкі»

Бұл банк қаржылық активтері бойынша екінші орында тұрғанымен, ел тұтынушыларын қамту көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Өткен жылдың аяғында қаржылай активтері 1,4 триллион теңгені құрады. Ірі қаржы институтының 73,4 пайыз акциясы Динара және Тимур Құлыбаевтардың меншігі саналатын «АЛМЭКС» холдингтік тобына тиесілі.

«Халық Банкінің» еншілес ұйымдары: «Алтын банк», «Халық Финанс», «Казахинстрах», «Халык Проект», «Халық Лизинг», Халық Банк Грузия» , «Халық Лайф», «Халық Банк Кыргызстан» және тағы басқалар.

Үшінші орында – «Цеснабанк»

Бұл қаржылық институттың негізгі иесі –Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың отбасы. «Цесна банк» 2015 жылы 17,37 миллион долларға Омскінің «»Плюс Банкінің» 67,38 пайыз акциясын сатып алды.

Төртінші орында – «Сбербанк»

Оның 99,99 пайыз акциясы «Сбербанк России» акционерлік қоғамына тиісті. «Сбербанк» өткен жылы кепілді несиелердің саны мен көлемі бойынша Қазақстанда «Абсолюттік лидер» атағын алды.

Бесінші орында – «Банк ЦентрКредит»

Банктің 41,93 пайызы Оңтүстік Кореяның Kookmin Bank, 10 пайызы – Халықаралық Қаржы Корпорациясына тиісті. Және 25,6 пайызы қазақстандық олигарх (ең бай 50 бизнесменнің ішінде тізімде13-ші) Бақытбек Байсейітовтің меншігінде.

Алтыншы орынға «Kaspi Bank» жайғасты

Өткен жылдың қазан айында қайта құрылымданған банк енді Kaspi Акционерлік қоғамы деп атала бастады. Банктің иелері – Baring Vostok Funds - 42,77 пайыз акциямен, қазақстандық олигарх Вячеслав Ким ((еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің ішінде 24-ші) – 28,89 пайыз, Қайрат Сатыбалдыұлы - 8,94, Михаил Ломтадзе - 8,94 пайыз, Goldman Sachs - 2.47 пайыз, ал басқа акционерлердің үлесі – 7,99 пайыз.

Жетінші орында – «АТФБанк»

Бұл банктің негізгі акционері – саяси аренаға кеңінен танымал Ахметжан Есімовтың күйеу баласы – Ғалымжан Есенов (Еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің ішінде 18-ші). Есеновтың үлесі – 99,78 пайыз. Жуырда алған қарызын өтей алмай келе жатқан «Шымкент пиво» компаниясы осы «АТФБанктің» меншігіне өтті.

Сегізінші орында – ForteBank

2015 жылдың 1 қаңтарында «Альянс Банкке» «Темірбанк» пен ForteBank қосылып, жаңа банк ForteBank деп атала бастады. Бұл банктің негізгі иесі – олигарх, Қазақстандағы № 1 ең бай бизнесмен Болат Өтемұратов: оның акциялары бүгінде 87,28 пайызды құрап отыр.

Тоғызыншы орында – «Евразийский банк»

Бұл банктің 100 пайыз акциясы белгілі үштік – Машкевич, Шадиев және Ибрагимовтің меншігі болып табылатын «Евразийская финансовая компания» Акционерлік қоғамына тиесілі.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-ның жаңа әкімі журналистерден қашпауға уәде берді

Сағадиев белсенділермен қазақ тілінің мәселесін талқылауға дайын

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы

Мәдина өз концертінде құрбысының күйеуіне алғыс айтты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1290870-qazaqstandaghy-bankterdinh-qozhayyndar/

pixel