RU

Өлім аузынан қалған Баян Мақсатқызы экранға қайта оралды (фото)

Жуырда ғана күйеуі аяусыз соққыға жығып, тағдырына дүйім жұрт алаңдаған Баян Мақсатқызы бүгінде жұрт алдына қайта шығып, отандық бағдарламалардың бірін жүргізбек деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы продюсер желідегі парақшасында айтты.

"Әлем, қайырлы күн! Жуырда еліміздің тарихы мен өмірі туралы, сіз бен біздің өміріміз туралы жаңа жоба экранға жол тартады. Осы 25 жыл ішінде Қазақстан қалай өзгерді? Біз қалай өзгердік? Барлық тақырыпты қаузаймыз. Мен үшін телеарнадағы осындай ауқымды бағдарламаны жүргізу үлкен абырой", - деп жазды Баян.

Баян Мақсатқызы, сонымен бірге, камераны қатты сағынып қалғанын да айтты.

Желі қолданушылары Баянның телебағдарлама түсірілімі кезіндегі суреттеріне қарап, оның жүдеп кеткеніне назар аударды. Оның бет-әлпетінен өзгерістер көріп, түрлі пікірлер қалдырғандар да болды. Дегенмен, олардың басым көпшілігі Баянға деген сыйластық сезімін жасырған жоқ.

Атап айту керек, Баян Мақсатқызы жүргізгелі отырған телебағдарлама "Наши 25" деп аталады. Бағдарлама Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай әзірленіп жатыр. Жоба "Хабар" арнасынан көрсетілетін болады.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-ның жаңа әкімі журналистерден қашпауға уәде берді

Сағадиев белсенділермен қазақ тілінің мәселесін талқылауға дайын

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы

Мәдина өз концертінде құрбысының күйеуіне алғыс айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1290893-olim-auzynan-qalghan-bayan-maqsatqyzy-e.html