RU
Аша мен Арман болашақ сәбиіне 300 мың тұратын қоларба сатып алды (фото)

Аша мен Арман болашақ сәбиіне 300 мың тұратын қоларба сатып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңырбаев болашақ сәбиіне арнап құны 300 мыңнан басталатын қоларба сатып алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Аша Матай өзінің желідегі парақшасында айтты.

"Папасына ұнады балапанымыздың көлiгi", - деп жазып қойды ол.

Желі қолданушылары олардың таңдаған қоларбаларына қарап, Аша мен Арман ұл бала күтіп жүр деп топшылады.

"Ұл сияқты ғой сізде", "Аша сендердікі ұл бала-ау дим, иә?", - деп жазды олар.

Сонымен бірге, әлі өмірге келмеген сәбиге алдын ала заттар сатып алып жатқан жұпты сынап тастағандар да болды.

Дегенмен, "Бәрі Алланың қалауымен болады, сондықтан ешкімнің сөзіне қарамай, көңіл-күйіңізді ойлаңыз",- деп, әншіге сәттілік тілегендер де табылды.

Атап айту керек, Аша мен Арман таңдаған қоларбаның нарықтағы құны 250 мыңнан басталып, 440 мың теңгеге дейін жетеді.

Тағы да оқыңыздар:

Отбасын тастап кеткен жұлдыздар

ОҚО-ның жаңа әкімі журналистерден қашпауға уәде берді

Асхат Садырбайдың анасы ұлы мен Ерке туралы шындықты жайып салды

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

БҚО-да келіншек өзін өлтіруге тапсырыс берген көңілдес әкімді босатуды сұрады

Мадонна Хиллари Клинтонға дауыс бергендерге естен кетпес секс сыйламақшы

Сіздің реакцияңыз
25
3
3
1
0
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel