RU

Kcell-ден лимитсіз тегін 4G-мен неғұрлым көп мүмкіндіктер

Kcell өз абоненттерінің мүмкіндіктерін кеңейте түсуді жалғастырып отыр және «Престиж» желісінің тарифтік жоспарларының барлық жазылушылары үшін 4G желісінде тегін және лимитсіз интернетті, сондай-ақ ойын-сауық сервистеріне «activ music» сервисінде музыка тыңдауға, жүктеп алуға және «activ ұсынған Bookmate» кітаптарды оқуға, жүктеп алуға лимитсіз трафикті ұсынады.

2016 жылдың 21 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Kcell абоненттері «Престиж» желісінің тарифтік жоспарларында 4G желісінде лимитсіз интернетті пайдалану мүмкіндігін алады.

«Алғашқы 4G сынақтық аймақтарының пайда болу сәтінен бастап және әсіресе, біздің желіде төртінші буындағы коммерциялық іске қосудан кейін, 1,4 миллионнан астам бірегей LTE-пайдаланушылар тіркелген.

Біз 4G желісін белсенді құрып отырмыз, бұл желі қазіргі сәтте Қазақстанның 13 қалаларында қол жетімді, және бұл қалалардың ішінде қамту аймағын ары қарай кеңейтуге назарымызды шоғырландырып отырмыз. Бүгін біз Kcell абоненттерінің мүмкіндіктерін тағы да кеңейте түскенімізге қуаныштымыз. Біздің «Престиж» тарифтік жоспарлар желісіндегі тегін лимитсіз 4G интернет өз компаниямыздың абонеттерінен көріп отырған деректерді таратудың ауқымды көлеміне деген орасан зор сұраныстарына толық көлемде сәйкес келетіндігіне сенімдімін», - деп атап өтті Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.

Сонымен қатар, 21 қазаннан бастап, «Престиж 2» тарифтік жоспарына жазылған абоненттер «Старттық» пакетінде айына 5 ГБ дейін лимитпен 30 неғұрлым танымал қазақстандық және халықаралық телеарналарға жазылумен «activ TV» сервисіне қол жеткізе алады, абоненттік төлемді тарифтік жоспар бойынша есептен шығару шартымен.

Қызметтер бойынша қосымша ақпарат осында орналастырылған: https://www.kcell.kz/ru/product/prestige.

Енді «Престиж» тарифтік желісінің абоненттеріне қол жетімді ойын-сауық сервистерінің тізімін келесі түрде көруге болады:

«Престиж 2» - «activ TV» «Старттық» пакетімен, «activ music», «activ ұсынған Bookmate»;

«Престиж 3» – «activ TV» «Старттық» пакетімен, «activ music», «activ ұсынған Bookmate»;

«Престиж 5» - «activ TV» «Старттық» пакетімен, «activ music», «activ ұсынған Bookmate»;

«Престиж 7» – «activ TV» «Оңтайлы» пакетімен, «activ music», «activ ұсынған Bookmate»;

«Престиж 9» - «activ TV» «Оңтайлы» пакетімен, «activ music», «activ ұсынған Bookmate».

Бұл ретте, «activ music» сервисінде музыканы тыңдау немесе жүктеп алу үшін, сондай-ақ «activ ұсынған Bookmate» сервисінде кітаптарды оқу және жүктеп алу үшін қажетті трафик тарифтелмейді және қолдану абонентпен қолданылатын технологияға байланысты лимитсіз беріледі, абоненттік төлемді тарифтік жоспар бойынша есептен шығару шартымен.

Жоғарыда көрсетілген тарифтік жоспарларда мобильдік интернеттің көлемі толығымен таусылған кездің өзінде, абоненттің «activ music», «activ ұсынған Bookmate» сервисті ары қарай пайдалана, сондай-ақ онлайн режімде өлеңдерді тыңдай және оларды қосымшаға жүктеп ала алатындығын атап өткен жөн. «activ TV» сервис шеңберінде әр айына тарификацияға жатпайтын 5ГБ дейін ұялы интернет-трафик қосылған.

Акциялар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты www.kcell.kz сайтынан білуге болады. «Престиж» тарифтік жоспарларының желісінде қосылу және ақпаратты алу *166*1# арқылы мүмкін болады.

 

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1291262-kcell-den-limitsiz-tegin-4g-men-neghurlym-kop-2.html