RU

Ақтөбеде елуден асқан әйелді 25 жастағы көрші жігіт зорламақ болған

Ақтөбенің Шұбарқұдық ауылының тұрғыны Клара Төлеубаева неше жылдан бері ауылдастары тарапынан қысым көріп келе жатқанын айтты деп хабарлайды Керек инфо.

Шұбарда тұратын Клара Төлеубаева жалғызбасты əйел. Жасы 54-те. Тұрмыс құрмаған, баласы жоқ. Жоғары білімді бола тұра, жұмыссыз қалған. Зейнетақы алмайды. Үш жылдан бері жылусыз, жарықсыз қалған Клара ауылдастарынан қысым көретінін айтады. Айтуынша, ауылының адамдары екі рет зорлай жаздаған.

"2012 жылы он екі сиырымды ауыл əкімі сұрап алды. "Жалғыз өзіңе қиын ғой, біз бағып берейік, келесі жылы қайтып аласың", - деді. Сендім. Сиырларымды ауылдың малына қосып жібердім. Келесі жылы бұзауларымен бірге сұрап барсам, берген жоқ. Содан бері міне, төрт жыл өтті. Əлі күнге сиырларымды қайтара алмай отырмын. Үстерінен арыз жаздым. Қылмыстық іс қозғап еді, кейін тоқтатып тастады. Ауылдың бір адамы зорлағысы келді. Оны сотқа беріп ем, сот бітімгершілікке келді деген шешім шығарды. Бірақ, ана адам мені қайыра сотқа беріп, моральдық шығын ретінде 5 млн талап етті. Сот оның арызын қанағаттандырды. Енді мойныма ілген 5 млн теңгені өндіріп алу мақсатында үйімді арестке қойды. Жылу, ауыз су, жарықты өшірді. Мен үш жылдан бері жабайы өмір сүріп жатырмын. Арыз айтып бармаған есігім жоқ", - дейді Шұбарқұдық тұрғыны.

Оның айтуынша, биыл көршісінің 25 жастағы баласы зорлағысы келіп, қолын сындырған. Клара Төлеубаеваның қолында қолы сынғаны туралы медициналық анықтама мен зорлық көрсетпек болған жігіттің үстінен жазған арызы бар.

Шұбарқұдық тұрғынының сөзін мұқият тыңдаған облыстық прокуратура жанындағы ардагерлер ұйымының төрайымы Мария Сейдахметқызы Клара Төлеубаеваның арызын өзі бақылап отыратынын жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Отбасын тастап кеткен жұлдыздар

Асхат Садырбайдың анасы ұлы мен Ерке туралы шындықты жайып салды

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қазақстанда бүкіл полицияны қызметінен босатып, жаңадан кадр іріктеуі мүмкін

Қариялар мінген автобус 25 метрлік құздан құлап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1291470-aqtobeden-eluden-asqan-ayeldi-25-zhastagh.html