RU

Еркектер неліктен әйелдерін аяусыз соққыға жығады?

Отбасындағы ұрыстың шығу жолдары неден бастау алады? Сізге жолдасыңыз неге қол көтереді? Сіздер не үшін үнемі ұсақ-түйек дүниеге бола ұрыс шығарасыздар?

Осы орайда Anabol.kz порталы отбасының татулығын бұзатын жанжалдарды шешу үшін, писхологтың кеңесін назарларыңызға ұсынады.

Қол көтерудің негізгі салдары:

1. Қаржы мәселесінің жеткіліксіздігі

Отбасы болып үйленгеннен кейін, қаржы мәселесі қай жерде де болмасын бірге жүреді. Сол қаржылық мәселесі отбасының шырқын бұзбай ғана қоймай, қол көтеруге апарады. Жалақыны үнемдеп ұстауды үйреніңіз, керегіңізге ғана жұмсаңыз.

Екеуіңіз де жұмыс істейтін болсаңыздар, менің жалақым көп, сенің жалақың аз деп салғыласуды қойыңыздар.

Егер де бар қиындықты бірге жеңбесеңіздер, не үшін үйлендіңіз? Шын сүйіп үйленген жандар қай мәселені болса да бірінші шешеді.

Еріңіз ақшаны үнемдеп ұста десе, айтқанын орындаңыз.

2. Қызғаныштан туындайтын жанжалдар

Сіз өзіңізді қызғандырмас үшін, мінез-құлықыңызды жақсы жаққа өзгертіңіз.

Кешкілік тойларға немесе жиындарға барғанда, тым ашық-шашық киінбеңіз. Сол киімге бола қаншама дау туындайды.

Әлеуметтік желіде көп отырмаңыз, қарапайым ғана ұялы телефоныңызды жарты сағат бойы күйеуіңіздің көзінше ұстап қарап отырсаңыз, соның өзіне күйеуіңіз қызғанып ұрыс шығарады.

Қызғандырамын деп соңында опық жейтіндер де бар. Қатты қызғанашақ болсаңыз, күйеуіңізді өзіңізге ғана қызығатындай әдемі сұлу болып жүріңіз.

3. Ұсақ-түйектен туындайтын жанжалдар

Болмашы нәрсеге бола реніжіп қалу. Себебін білмесеңіз несіне ренжисіз.

Ренжіген болсаңыз үндемеңіз.

Құлаққа үрпідей түйетін сөзден аулақ болыңыз.

Күйеуіңізге не болса, соны айтып басын қатырмаңыз.

Баларыңыздың көзінше ұрсыспаңыздар.

Жақсы отбасы дегеніміз – кемшіліксіз отбасы емес, кемшіліктерін дер кезінде түзетуге тырысатын отбасы. Бастысы арадағы махаббат сезімі бәрінде жеңіуі керек.

4. Ішкіліктен туындайтын жанжалдар.

Егер күйеуіңіз қатты ішетін болс, арнайы мамандарға көрсетіңіз.Сізге мас күйінде бірінші рет қол көтерсе, ешкімге айтпай шыдадыңыз. Екінші рет дәл солай қайталанса, өзіңізді ойлаңыз сосын,балаңызды ойлаңыз. Сіз сонда күйеуіңізден таяқ жеу үшін үйлендіңіз бе жоқ әлде өмір бақи жалғыз қаламын деп ойлайсыз ба?

Өзіңізді ойламасаңыз, сізді ешкімде ойламайды. Ішкілікке салынған адамның ойлау жүйесі де, психологиясы да басқаша болады. Соны көріп өскен балаларыңыз кейін жасық, тұйық, өмірге деген өкпе реніші көп болады.

Сіз сонда ішкілікке салынған әкесімен балаңызды ойлап бірге тұра аламын деп ойлайсыз ба? Бұл қате ой. Қайта сіз балаңызға дұрыс тәрбиелеуді ойлаңыз.

Ішкіліке салынған әкесін кім жақтырады деп ойлайсыз. Өмір мұнысымен тоқтап қалаған жоқ. Өзіңізді сыйламасаңыз, құрметтемесеңіз, сізді ешкімде сыйламайды. Сіздің де бұл өмірде бақытты болуға құқыңыз бар. Бақыттың кілті өз жүрегіңізде.

Дегенмен, сіздің отбасын бұзып, баланы әкесіз өсір деген кеңес емес бұл. Белгілі бір шешім шығару үшін, оны екшеп-текшеп алған жөн. Сол себепті, ішкілікке әуестігін қойдырып, жап-жақсы отбасы болып отырғандар да бар. Бойды да, ойды да түзеп, алға қарай жылжу өз қолымызда екенін ұмытпасақ болғаны.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

Сырқатынан жазылған Назарбаев Әбу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті (фото)

Шымкенттік шенеунік жылудың бағасын көтеруге қарсы шыққан жігітті залдан қуып жіберді (видео)

Министрдің желкесінде тұрған теледидар Сапарбаевтың жүйкесіне тиді

Атыраулық зейнеткер ұл туып бермегені үшін әйелі мен үш қызын тастап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1291653-er-azamat-zharyna-nelikten-qol-kotered-2.html