RU

Қасымов өз қарамағындағы полицейлердің жемқор екенін мойындады

Еліміздегі парақор полицейлер жаппай жұмыстан қуылуы  мүмкін. Ішкі істер министрі жемқор сақшыларды тегіс қызметтен босатып, қайта жасақтауға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бүгін Қалмұханбет Қасымовты әбден қыспаққа алған депутаттар оның бағыныштыларының былығын тура бетіне басты. Әсіресе, қалың бұтаның арасына тығылып радармен аңдитын полицейлер параға дәнігіп алған. Тіпті көлік көп жүретін жерлерді өзара бөліп алып ақша істейді екен.

Бүгін депутаттар еліміздің бас полицейін әбден терлетті. Сөз таңдаудан да қымсынған жоқ. Қарамағындағы полицейлердің шетінен жемқор екенін генерал Қасымовтың бетіне басты.

"Жол сақшылары арасындағы жемқорлық өршіп тұр. Қазір Грузиядағы тәжірибе жайында жиі айтылып жүр. Сіздер сол елге барып зерттедіңіздер ме?",- деді  сенат депутаты Сергей Ершов.

Қалмұханбет Қасымов сақшылардың жиі пара алатынын мойындап отыр. Министрдің айтуынша, полицейлердің көбі жас мамандар. Барлығы баспанасыз шиеттей бала-шағасымен қаңғып жүр. Оның үстіне жалақысы да өте мардымсыз. Яғни, олар жоқшылықтан жемқорлыққа барады екен.

"Грузияға біздің қызметкерлер бірнеше рет барып келді. Олар парақорларды жаппай жұмыстан қуып шыққан. Сөйтіп, сақшылардың жалақысын екі есеге көтеріп, жеке құрамды қайта жасақтады. Біз де дәл солай жемқор полицейлерді тегіс қызметтен бостауға дайынбыз. Ол үшін материалдық жағдай жасау керек", - деді  Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Бүгін Қасымовқа кеңес берушілер көп болды. Мәселен, Мұхтар Тінекеев жол ережесін бұзған жүргізушіден полицей пара алмас үшін, хаттама толтыруды мүлдем алып тастауды талап етті. Сосын сақшы тек видео мен фотоға түсірсін деген ұсыныс жасады.

"Сіздің бағыныштыларыңыз үлкен тас жолдарды май шелпекке айналдырып алған. Сақшылар ағаштың артына тығылмай, үнемі көлігінің үстіндегі жарықты жағып жүрсін. Және инспектор жүргізушіні қызметтік темір тұлпарына кіргізіп сөйлеспесін. Түсінікті ғой, олардың не сұрайтыны", - деді мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев.

Министр бірден айыппұл хаттамасын толтырудан бас тарта алмайтынын айтты. Өйткені, сотта видео мен фото дәлел бола алмайды екен. Ал полицейдің ереже бұзған адамды көлігіне отырғызғанда тұрған ештеңе жоқ дейді Қасымов. Тек оларды жаппай бейнетіркеуішпен қамту керек. Бірақ, сақшылар кеудесіндегі бұндай камераны жиі өшіріп тастайды деп шағымданғандар да болды.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

Михаэль Шумахер ескі «Мерседесін» 100 мың еуроға сатпақшы (фото)

Қостанай облысында ызаға булыққан ер адам екі танысын балталап тастады

Еркектер неліктен әйелдерін аяусыз соққыға жығады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1291726-qasymov-oz-qaramaghyndaghy-policeyler.html