RU

Түрмеге жабылған Мүсілім Оңдағанов әріптестерінен пара алмауды өтінді

Оралда 12 жылға сотталған облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы тәубесіне келді. Мүсілім Оңдағанов шенеуніктерден өзінің қателігін қайталамауды сұрап отыр.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қазынаның 170 миллион теңгесін жымқырған басшының сөзін аймақтағы жемқорлыққа қарсы күрес бюросындағылар абақтыда түсіріп алған. Олар басқа парақорларды да тәубесіне келтіру үшін бұл жазбаны өзге мемлекеттік қызметкерлерге көрсету керек деп шешіпті.

Мүсілім Оңдағанов Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасын басқарып тұрғанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің миллиондарын мақсатсыз жұмсаған еді. Қазір ол қылығына қысылып отырған сияқты.

"Мемлекетке жұмыс жасайтын жастарға айтарым мемлекеттің заңын бұзбай жұмыс жасауларыңа тілектеспін. Әрқашан да тума-туысқандарыңды ойлаңдар. Ата-аналарыңды ойлаңыздар", - деді Мүсілім Оңдағанов.

Тағы оқыңыздар:

Көңілді кештердің көркі болатын Ахметжан Есімовтің қыздары (фото)

Қайрат Нұртастың он жыл бойы жасырып келген жан жары кім? (фото)

Михаэль Шумахер ескі «Мерседесін» 100 мың еуроға сатпақшы (фото)

Қостанай облысында ызаға булыққан ер адам екі танысын балталап тастады

Еркектер неліктен әйелдерін аяусыз соққыға жығады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1291753-turmege-zhabylghan-musilim-onhdaghanov.html